Үкіметтік емес ұйымдар Ақтөбеге 7 тонна гуманитарлық көмек жіберген

06.04.2024, 12:47
286
Үкіметтік емес ұйымдар Ақтөбеге 7 тонна гуманитарлық көмек жіберген gov.kz

«Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры және «Мейірім» қайырымдылық қоры бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен аймаққа гуманитарлық көмек көрсету пунктін ашты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, үкіметтік емес ұйымдар Ақтөбеге 7 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бір адамның ғана емес, қоғамдағы мейірімді жандардың ынтымақ-бірлігінің арқасында азық-түлік, балалар киімі, ересектердің жылы киімдері жиналған.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің мәліметінше, бірнеше күн ішінде 7 тоннаға жуық алғашқы қажетті тұрмыстық заттар жиналып, жүк көлігі Ақтөбе қаласына аттанды.

Сонымен қатар қоғамдық қордың еріктілері қатарында Астана қаласы №3 олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушiлерi болды.

Қайырымды жандар тарапынан көмек беру туралы сұранысқа қарай штаб әрі қарай да жұмысын жалғастыра бермек. Сонымен қатар Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмысына : Мақсұт Нәрікбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті, ESIL университеті сынды елорданың жоғары оқу орындары да қосылды. Көмек көрсеткен өзге ұйымдардың қатарында The one қонақүйі, «Әсем», «Рахмет», «Шапағат» сауда үйлері және басқа да бизнес құрылымдарының өкілдері де бар.

Айта кетсек, елордада 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті бар, жинауға 30-ға жуық ерікті ұйым атсалысып жатыр. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап, жөнелтеді. Ниет білдірушілер жылы киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, алғашқы қажеттілік заттарын әкеліп жатыр. Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды.

Қызығушылық танытқандар қажетті өнімдерді жинап, қабылдау пунктеріне апара алады.

«Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО) «Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (ВИДЕО) Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр "Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды