Ақтөбеде күйеуі мен үш баласының өліміне кінәлі деп айыпталған әйелге сот үкім шығарды

Аиса Махамбет Редактор
12.04.2024, 18:57
530
Ақтөбеде күйеуі мен үш баласының өліміне кінәлі деп айыпталған әйелге сот үкім шығарды pixabay.com

Оқиғаға күдікті деп танылған әйелге үкім шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, былтыр Самара-Шымкент тасжолында ірі жол апаты болып, бірнеше адамның өмірі қиылған еді. Оқиғаға күдікті деп танылған әйел сотта ақталып шықты.

Көлік тізгінін ұстаған 30 жастағы әйел күйеуінен, үш баласынан айырылып қалды. Тергеу дерегі бойынша, әйел қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.  Алайда, сотта бұл нұсқа толық емес деп танылды. Оның алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шыққаны жоққа шығарылды. Сотта әйел өз жолағымен қозғалғаны дәлелденді.

Жол көлік апатына жанармай тасымалдайтын көлікті басып озамын деген жүк көлігі қарсы жолға шығып кетуі себеп болған. Мұны көрген әйел тежеуішті басқанымен, жол апатынан қашып құтыла алмаған. Куәгерлер бұл деректі растады.

Нәтижесінде Әйтекеби аудандық соты күдіктінің жол ережесін бұзғаны дәлелденбегендіктен оны ақтау туралы шешімге келді. 

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды