Азамат Дәулетбеков 3 дүркін Азия чемпионы атанды

13.04.2024, 17:07
216
Азамат Дәулетбеков 3 дүркін Азия чемпионы атанды Қырғызстан күрес федерациясы

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. 

Ұлттық құрама көшбасшысы финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбекстандық Джабраил Шапиевті жықты. Есеп: 5-2.

Бұл Азаматтың сары құрлық чемпионатындағы қатарынан 3-ші алтыны. Сонымен қатар ол тағы күміс (2017 жыл, Дели) және қола (2018 жыл, Бішкек) медаль жеңіп алған.

Күндізгі сессияда Азамат ирандық спортшы Хади Вайаейпураны ұпай санымен, сосын жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді (11-0) таза жеңген.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады.

Алматыға ең көп турист Үндістаннан, Италиядан, Қытайдан келеді Олжас Бектенов авиабилеттерге баға белгілеу мәселесін шешуді тапсырды "Сулы сүлгімен ұрған": енесінен қан-жоса боп "таяқ жегенін" айтқан қызылордалық келінге қатысты тәтесі сұмдық жайтты айтты Әуежайдан шыққан шетелдік турист бірден ақшаға құныққан такси жүргізушілеріне кезігеді Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалдым Өзім де алғаш рет көріп отырмын: Мақпал Жүнісова жас кезіндегі фотоларын тауып алды Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды «Сегіз әйелдің анализі шықты»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібекке қатысты тағы бір дерек айтылды Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Жиһаз алаяқтары: қазақстандағы жаңа алаяқтық фактілері Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы