Ахмет Ясауи университеті Атырау облысына жәрдем жіберді

14.04.2024, 17:50
454
Ахмет Ясауи университеті Атырау облысына жәрдем жіберді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

4 млн теңгеден астам қаражат жиналған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің халқына қолдау және көмек көрсету мақсатында жоғары оқу орындары түрлі жәрдем түрлерін ұсынып жатыр. Бұл игі істен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де шет қалмады.

Университет ұжымы мен студенттері қиын жағдайға тап болған отандастарымызға жан-жақты қолдау шараларын ұйымдастырды. Оқу орнының 500-ге жуық оқытушысы мен қызметкері  бір күндік жалақысын қайырымдылыққа аударып, 4 млн теңгеден астам қаражат жиналды.

Сондай-ақ, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек түркиялық  бауырлардың атынан қосымша 3 млн теңге қаражат жіберді.

Ал, оқу орнының «Актерлік өнер» мамандығының 2 курс студенттері арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» атты қойылымды сахналады. Билет сатылымынан түскен қаржыны материалдық көмекке аударды.

Ахмет Ясауи университетінің басшылығы барлық жиналған қаражатты Атырау облысының тұрғындарына жәрдем үшін жұмсауға шешім қабылдады. Қазіргі таңда Жайық өзенінің суы тасып, Атырауда шұғыл түрде бөгеттер мен дамбы жасау жұмыстары басталып кетті. Осыған орай, оқу орны атынан шұғыл түрде құрылыс-шаруашылық заттары сатып алынып, жүк көлігімен Атырау облысына жөнелтілді.

Айта кетейік, оқу орны жіберген жәрдемді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қабылдап алып, жәрдем қажет орындарға жеткізеді.

Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты (видео) Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО) «Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (ВИДЕО) Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр "Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды Бет ашамын деп алданып қалдым - Мақсат Базарбаев (видео) «RoboZerde-2024»: Астанада алғаш рет республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес, барған әулетіне құрмет көрсету