«Жүрегім сыздап, кімді іздейтінімді түсінбеймін»: әнші Асқар Жүнісбеков әкесіне арнап әсерлі жазба жариялады

18.04.2024, 10:48
990
«Жүрегім сыздап, кімді іздейтінімді түсінбеймін»: әнші Асқар Жүнісбеков әкесіне арнап әсерлі жазба жариялады askar__tau

Әнші Асқар Жүнісбеков әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне арнап жазба жариялады.

Өнер иесі жақында әкесі өмірден өткенін айтып, жан сырын ақтарды.

«Ата-анадан бұйырған өмірімнің де тәрбиемнің де құнын құрметтеймін ризашылығым да шексіз. Жасымда, әкемнің көңілі үшін «қайтсем де жақсы ұл болуым керек» деп өзімді қамшылауым жаман атқа ұрындырмады (деп ойлаймын). Әкем Марат Шырынбекұлы ораза айттың бірінші күні өмірден озды. Жүрегім сыздап кімді, нені іздейтінімді түсінбеймін. Өзімді ме..өзімдегі бірдеңені ме жоғалтып алғандаймын. Ойыма, жаныма кедергі боп, сипаттауга келмейтін бірдеңе тұр. Біздің алаңсыз өміріміз үшін тірліктің бар бейнетін ауырсынбай мойындарына жүктеп алған осынау асыл жандардың қадірін біле алдық па? Көңілін таба алдық па? Перзенттік парызымызды өтей алдық па? Осындай ойлар бізді неге әкеміз жанымызда жүргенде мазаламайтын болды екен? Әлде әкеміз барда неше жасқа келсекте өзімізді бала сезінеміз бе… Мойныңа мінгізіп еркелеткен, мейірлене құшақтап бауырыңа басқан кездерің енді ешқашан оралмайтын қымбат естеліктер боп қала бермек. Жатқан жерің жайлы болсын, мейірімі шексіз Алла тағала жәннаттан орын бұйыртсын жан әке…», - деп жазды әнші.

Ұшақта өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды Түркістан облысында балабақшаның төрт қызметкері балаларды ұрып-соққан “Ақтарам түнге шерімді”: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына жазба арнады Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына өтті Павлодарда түлектердің мектеп бітіру кеші өтпейтін болды Еліміздің 6 өңірінде үсік жүреді Астанада ер адам ойыншық тапаншамен ақша айырбастау пунктін тонамақ болған Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады "Көгерген нан мен пияз берді": Алматы облысында келіншек екінші күйеуі мен бастығына шыдамай, мал бағатын орыннан қашып кеткен Су тасқыны: 41 мыңнан аса адам өз үйлеріне оралды “Күң қылып, есін шығарады”: Меруерт Түсіпбаева енлерге шүйлікті Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жол құрылысы аяқталады Жұдырықтай жұмыла білген жұрттың алар асуы биік болады – Мәулен Әшімбаев "Телефонда көп уақыт өткізген": Ақтөбе облысында 9 сынып оқушысы өзіне қол салды «Екі үйім бар деп алдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі қалай үйленгенін айтты Кентаулық оқушы смартфонға жинаған ақшасын Құлсарыға көмек ретінде берді Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!