«Таза Қазақстан»: елордада өткен экоакцияға эстрада жұлдыздары қатысты

21.04.2024, 10:48
238
«Таза Қазақстан»: елордада өткен экоакцияға эстрада жұлдыздары қатысты Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке эстрада жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Олардың қатарында Нұрлан Өнербаев, Светлана Айтбаева, Майра Ілиясова, Ерлан Малаев, Есен Елеукен, Хадиша Ағыбаева, Дос, Аука және т.б. бар. Олар қаладағы «Керей мен Жәнібек хандар» ескерткішінің аумағында абаттандыру жұмысын жүргізді.

«Бұл – ауқымды іс-шара деп санаймын. Оған барлығы да атсалысып жатыр. «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясының бір ерекшелігі – әр аптаның жеке тақырыбы бар. Мысалы, мәдени нысандар, тарихи ескерткіштер абаттандырылды. Бұл экоакция мамыр айының ортасына дейін болады. Қаламызда қолайы өмір сүруге жағдай жасау – әрқайсысымыздың қолымызда. Шаһарда бой көтерген нысандарға құрметпен, ұқыптылықпен қарау қажет. Осы тұрғыдан сенбіліктердің ұйымдастырылуы өте маңызды деп санаймын», - деді қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Сондай-ақ өнер иелері экологиялық акцияға қолдау білдіріп, өзгелерді атсалысуға шақырды.

«Бүгін міне, мәдениет қызметкерлері сенбілікке қатысып, қаланың тазалығына атсалысып жатыр. Адамзаттың көктемде айналасын тазарту, бұлақтың көзін ашу, тал-теректің түбін қопсыту – бұрыннан қалыптасқан әрі қанға сінген дүние. Бұл дәстүрді ұмытпау керек. Мұндағы мақсат – табиғатқа құрметпен қарау әрі аялау, өскелең ұрпаққа көрсету. Жалпы әр азаматта Жер-Анаға деген үлкен махаббат болу керек. Оған күтіммен қарау қажет. Өйткені Жер-Ана сізге нәр беріп тұр. Ал айналаны күл-қоқысқа айналдыру адамшылыққа жатпайды. Ал осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпаққа табиғатты аялауды көрсету», - деді Нұрлан Өнербаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұл апта «Киелі мекен» деп аталады және тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған.
Елордада тұрғындарының белсенділігімен тазалық жүргізіліп, мәдени мұра нысандарының қасбеттерін, ескерткіштер мен іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

«Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең – «Өнегелі ұрпақ», ол ардагерлер тұратын аулаларды және қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Бұл апталықта су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз: Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтты Қостанай облысында қаза болған полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен "Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты "Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды Астанада жаппай веложарыс өтеді Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті «Той мен дінді шатастырып»: Тойдың бірінде екі жасты азан шақырып ортаға шақырды (Видео) «Бұған не болды»: Нұрболат Абдуллиннің жаңбыр астындағы видеосы қызу талқыға түсті Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды «189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады «Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті