Еліміздегі жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерді

21.04.2024, 13:51
906
Еліміздегі жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерді ашық дереккөзден

Қазақстанда "Отау" ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгерді. Енді атында тұруға арналмаған жылжымайтын мүлік немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлес болып, бағдарламадан бас тартқан қазақстандықтар өтінімді қайта бере алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушылардың атында 5 жыл ішінде мүліктің болмауын арнайы мемлекеттік жүйенің көмегімен автоматты түрде тексерілді.

Сол себепті атында қандай да бір мүлкі барларға теріс жауап келіп жүрді. Шындығында олардың көпшілігінің атында үй емес, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған тұрақ, қойма, жер учаскесі немесе жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі болған.

Бағдарламаның жаңа шарты бойынша енді оларға қайта өтініш беруге болады.

"Бізге шалғайдағы ауылдағы шағын үйде басқа да көптеген отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй үлесі бар клиенттеріміз жүгінді. Гараж бен кішкентай қоймасы атына тіркелген адамдар да бар екен. Әрине, бұл фактілер оларға баспана қажет емес дегенді білдірмейді. Біз азаматтардың барлық өтініштерін мұқият қарап, "Отау" бағдарламасы бойынша бас тартылған азаматтардың деректеріне талдау жасадық. Қалыптасқан жағдай бойынша жеке шешім әзірледік. Енді азаматтар жылжымайтын мүліктің болуы бойынша деректерді объективті тексеру үшін оны қолмен жүктейтін болады. Сондықтан біздің салымшылар меншігінде тұрғын емес жылжымайтын мүлік болса да "Отау"бағдарламасына қайта өтініш білдіре алады. Өтініш 22-30 сәуір аралығында “Баспана маркет” порталында қабылданады", – деп түсіндірді" Отбасы банкі" басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Банк "Отау" бағдарламасы бойынша өтінімдердің жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданатынын жеткізді.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін банк тізімді саралайды. Шешім банк порталында жарияланады. Содан кейін бағдарламаға қатысушының несиелік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні болады. Егер ол несие бойынша оң мақұлдау алса, онда ол өзіне баспана табуға тағы 6 ай уақыт алады.

Тұрғын үйді Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында ҚМК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша не сақтандыру құралын пайдалана отырып, сатып алуға болады. Бағдарламаға қатысушы аяқталмаған тұрғын үйді “Баспана маркеттен” таңдай алады.

"Отау" бағдарламасының несиелік шарттары:

20 пайыздан бастап – бастапқы жарна;

9 пайыз (ЖЭС 9,2 пайыздан 11,8 пайызға дейін) несие бойынша мөлшерлеме;

несие мерзімі – 19 жылға дейін.

«Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады (Видео) Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО) «Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (ВИДЕО) Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр "Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды