Атырау облысында екі аудан тұрғындарының несие төлемдері шегеріледі

Аиса Махамбет Редактор
21.04.2024, 16:20
832
Атырау облысында екі аудан тұрғындарының несие төлемдері шегеріледі бейнежазбадан алынған кадр

Жылыой және Қызылқоға ауданының тұрғындарында несие шегеріледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Жылыой және Қызылқоға аудандары тұрғындарының несие төлемдері кейінге шегеріледі.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, тасқын судан зардап шеккендердің басым бөлігі Жылыой ауданында (Құлсары қаласының 30% су басқан болатын) тұрады.

Қазіргі таңда Құлсары қаласы бойынша 2471 зардап шекен адамның тізімі жасалып, қаржы ұйымдарына жолданды. Сондай-ақ Қызылқоға ауданындағы судан зардап шеккен 24 адамнан өтініш түсті. Қазіргі уақытта несие бойынша төлемдерді тоқтату жөнінде жұмыстар жүргізілуде,- деп мәлімдеді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасының басшысы Асланбек Қабесов.     

Еске сала кетейік, тасқын судан зардап шеккен барлық азаматтардың несие бойынша төлемдері автоматты түрде 3 ай мерзімге кейін ығыстырылады – 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін.

Бұл ретте тасқын су салдарынан төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар есептелмейді. Төлемдерді кейінге шегеру жергілікті атқарушы органдардың тізіміне сәйкес іске асырылады, - делінген штаб мәліметінде.

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды