СҚО аумағында су деңгейі көтеріліп жатыр

21.04.2024, 20:08
152
СҚО аумағында су деңгейі көтеріліп жатыр kaz.inform.kz

15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатқаны туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтты.

«Облыста су тасқынының бірінші толқынының негізгі кезеңі өтті. Бөгеттен асып кетудің максималды деңгейі 425 см болды. Соның салдарынан 3 419 үйді су басты. Әлі де 3 223 үйді су басып тұр, 196 үйдегі қауіп сейілді. 14 388 адам эвакуацияланды, 764 адам үйлеріне оралды. Қазір су басқан аумақтың тұрғындары уақытша тұрғылықты жерге көшіріліп жатыр», - деді С. Ғайсин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, Ақмола облысынан келген суға байланысты 15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр. 21-22 сәуірде өңірдегі су деңгейі жоғары шегіне жетуі мүмкін.

«Келтірілген материалдық шығынды өтеуге қатысты тұрғындардан өтініш қабылданып жатыр. Қазір 1 717 отбасы 100 АЕК көлемінде жалпы сомасы 634 млн теңгені құрайтын біржолғы жәрдемақы алды. Облысқа 576 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді», - деді азаматтық қорғау бөлімінің басшысы.

Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті «Той мен дінді шатастырып»: Тойдың бірінде екі жасты азан шақырып ортаға шақырды (Видео) «Бұған не болды»: Нұрболат Абдуллиннің жаңбыр астындағы видеосы қызу талқыға түсті Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды «189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады «Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты «Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді «Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады