Бір жыл бұрын салған жол жүруге жарамайды - депутат

22.04.2024, 19:04
172
Бір жыл бұрын салған жол жүруге жарамайды - депутат canva.com

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазбек Әлішов еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын сынға алып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1-қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында Автокөлік жолдарының құрылысы мен сапасын сынға алған болатын. Бүгін Ақтөбе облысы аумағынан өтетін Самара-Шымкент республикалық тас жолының Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын аралығы аса қауіпті жол учаскесі болып табылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 648 ЖКО тіркелді. 748 адам зардап шекті, 118 адам қаза тапты, оның ішінде 15 балалар. Биыл ғана 97 ЖКО тіркелді, онда 148 адам зардап шекті, 28 адам қаза тапты, оның ішінде 6 бала. Мысалы 3-сәуірде Самара-Шымкент республикалық маңызы бар тас жолында Volvo жүк көлігі мен Toyota Alphard автокөлігі соқтығысып, салдарынан 8 Өзбекстан азаматы қайтыс болды. Ақтөбе облыстық прокуратурасымен 2024 жылдың 1-тоқсанында жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖАО мен «Қазавтожол» АҚ Ақтөбе филиалының (бұдан әрі- Қазавтожол) жұмысында көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Мысалы, биыл Қазавтожолға «Самара-Шымкент» трассасында (Хромтау ауданының аумағы) шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 8 ұйғарым берілген. Қазавтожолдың жауабына сәйкес жол төсемінің ақаулары шұңқырларды жөндеу арқылы жойылды деп көрсетілген. Алайда көктемгі қарқын судан зардап шеккен тұрғындармен кездесу үшін әріптестерім А.Әлтай және А.Садықовпен бірге Әйтеке би ауданына барғанымызда былтырғы, яғни жөнделгеніне бір жыл болмаған жолдан түкте қалмағанына көзіміз жетті. Бұл жерде сұрақ қашаманғы миллиардтаған қаражатты шұңқырға көме береміз? Кім оған жауапты? 

Сондай-ақ, Көпірлер мен су өткізу құбырларының ақауларының нәтижесінде көктемгі қарғын су тасу кезінде Самара-Шымкент республикалық тас жолында бірнеше көпірлерді су шаю фактілері де орын алды. Облыс аумағынан өтетін республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орск, Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, Ақтөбе-Мәртөк, Қарабұтақ-Т.Жүргенов, Қарабұтақ-Ырғыз тас жолдарында, қолда бар 78 көпір мен 847 су өткізу құбырларының 34 көпірі мен 274 су өткізу құбыры күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталған.

Көрсетілгендердің негізінде төмендегідей іс шараларды қабылауды сұраймын:

- республикалық бюджеттен Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарын дереу жүргізу үшін қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру.

-  Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астрахань автожолдарын кешенді зерттеу үшін комиссия жіберу; 

- Самара-Шымкент тас жолындағы көліктерді өткізу жүктемесін азайту мақсатында Орталық Қазақстан-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Бейнеу тас жолын салу мәселесін пысықтауды, – деді ол.

Қостанай облысында қаза болған полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен "Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты "Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды Астанада жаппай веложарыс өтеді Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті «Той мен дінді шатастырып»: Тойдың бірінде екі жасты азан шақырып ортаға шақырды (Видео) «Бұған не болды»: Нұрболат Абдуллиннің жаңбыр астындағы видеосы қызу талқыға түсті Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды «189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады «Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды