Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақытын айтты

27.04.2024, 11:29
399
Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақытын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Отандасымыз UFC-де титулдық жекпе-жек алуға дайындалып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC промоушенінің орта салмақ рейтингінде 3-орында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) октагонға қашан оралатынын айтты. Бұл туралы "Вестник ММА" YouTube арнасы мәлімдеді.

Қазақстандық файтер келесі жекпе-жегін күзде өткізетінін мәлімдеді. Осыған дейін DAR Team командасы Шавкаттың жазда төбелесуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Дегенмен, спортшының өзі күзде қатарға қосылатынын айтты.

"Әзірге ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Өйткені, мен күзде дайын боламын. Бәлкім қыркүйек немесе қазан айларында шығар. Көреміз. Әзірге нақты ақпарат жоқ. Жаттығуды енді бастадық", – деді Рахмонов.

"Номад" нақты кіммен жұдырықтасатыны да белгісіз. Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

"Меніңше, келесі қарсыласым Маддалена болады. Жоспарда Майкл Пейдж де бар. Шын айтсам, маған бәрібір кіммен төбелесетінім. Бастысы – тезірек титулдық жекпе-жек алуым. Күтуім керек. Нақты ешнәрсе айта алмайсың, біреу жарақат алып қалады, тағы басқа жағдайлар болуы мүмкін", – деді Шавкат Рахмонов.

Еске салайық, қазақстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңді.

«Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан