«Ілияс әлемі» атты оқу-танымдық сайты ашылды

27.04.2024, 13:15
180
«Ілияс әлемі» атты оқу-танымдық сайты ашылды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Жетісу университетінде Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Жансүгіров тағылымы: Алаш ардақтаған ақын» атты республикалық ғылыми конференция және «Ілияс әлемі» студент-жастар фестивалі өтті

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, конференцияда ақын мұрасын таныту мақсатында әзірленген «Ілияс әлемі» оқу-танымдық сайты таныстырылды.

Сайт «Ілиястану», «Ақынның өмірі, «Шығармашылығы», «Зерттеулер», «Медиа», «Жаңалықтар», «Біз туралы» сынды негізгі 7 бөлімнен тұрады. 

Танымдық портал білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, практикалық дағдыларын дамытып, ақпаратты неғұрлым құрылымды және түсінікті түрде алуға мүмкіндік береді.

«Ақпарат ағынының күрт өсуіне және цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты жоғары оқу орындарының қызметінде білім беру сайттарын қолдану рөлі артып келеді. Деректер мен мәліметтерді цифрландыру бәсекеге қабілетті тұлғаның  құзіреттілігін қалыптастыруда маңызы зор», - дейді ілиястанушы Шара Кыяхметова.

Конференция модераторы оқу орнының Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев   ақын мұрасын дәріптеуде университеттің  ілиястанушы ғалымдарының еңбегі зор екенін айтты.

«Ілиястану ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері ақын мұрасын жаңаша көзқараста зерттеп, жүйелеп, бүгінгі күнге 32 ғылыми еңбек, оның ішінде 6 монография, 5 оқу құралы, 2 хрестоматия, 18 оқулық, 1 энциклопедия шығарды», - деді ректор.

Шараға арнайы келген  ақынның немересі Динара Жандосова Ілияс Жансүгіров шығармашылығын зерттеу, жинақтау, насихаттау бойынша игі істер атқарып жатқан  университет ұжымына алғыс білдірді.

Конференцияда еліміздің ЖОО ғалымдары ғылыми-теориялық мәселелер көтеріп, жаңа идеялар мен ұтымды ұсыныстар айтты.

Жиын аясында «Ілияс Жансүгіров» монографиясы, «Ілиястану» оқулығы, «Өтірік өлеңдер» жинағы, Саят Ілиясұлының әкесі жайлы естеліктерінен құралған жинақ кітаптарының тұсауы кесілді.

Студент жастарға арналған «Ілияс әлемі» фестивалінде жыр мүшәйрасы, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым бойынша сайыс өтті. Оған еліміздің жоғары оқу орындарынан және колледждерден 100-ге жуық студент қатысты.

Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен