«10 млн теңгеден астам ақша алған»: Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды

27.04.2024, 18:00
280
«10 млн теңгеден астам ақша алған»: Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды nur.kz

Өзін «Қоғам қайраткері» деп таныстырып, қорқытқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде темір жол қызметкерлерін бопсалаған блогерге сот үкімі шықты. 34 жастағы азамат 3,5 жылға сотталды. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.

Арна мәліметіне сүйенсек, жергілікті тұрғын 2 жыл бойы жолсеріктерді қорқытып-үркітіп, өзінің қалтасын қампайтып отырған. Ол Семей арқылы қатынайтын жолаушылар пойызына мініп, қызметкерлерді масқаралайтын бейнематериалдарды түсірумен айналысқан. Кейін өзін "Блогер" және "Қоғам қайраткері" ретінде таныстырып, "Әлеуметтік желіге жариялаймын" деп қорқытқан. Осыдан үрейі ұшқандар бейнематериалдарды жою үшін ақша беруге мәжбүр болған.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, бопсалаушы блогер 2 жылда 10 млн теңгеден астам ақша алғаны анықталған. Оның жымысқы әрекетінен 25 жолсерік зардап шекті. Кінәсі толық дәлелденген блогер енді 3,5 жыл түрмеде отырып, жәбірленушілердің шығынын толық өтеуге міндеттелді.

"Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігі бойынша жеңіл жаза ауыр жазаға сіңіріп, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза қылмыстық атқару жүйесінің орта, орташа қауіпсіздік мекемесінде өтелсін. Жаза мерзімі үкім заңды күшіне енгеннен кейін есептелсін", - деді Семей қаласының №2 сотының судьясы Ержан Әубакіров.

Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен