«Алматы-бақша қаласы»: танымал актриса атаулы алма ағашын отырғызды

Аиса Махамбет Редактор
28.04.2024, 12:32
1201
«Алматы-бақша қаласы»: танымал актриса атаулы алма ағашын отырғызды жеке парақшасынан

Танымал блогер мегаполистің жасыл қорын толықтырып қана қоймай, алма ағашын өз атымен атады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Блогер, актриса әрі жүргізуші Анара Батырхан «Алматы – бақша қаласы» акциясында белсенділік танытып, қарағайлы орманға ағаш отырғызуға қатысты.

«Мен Алматыны қатты жақсы көремін. Егер жолда жүрсем, екінші күні-ақ қаланы сағынамын. Үйге ұшақпен оралғанда, биіктіктен туған қалаңдағы жасыл желектерді, жеміс ағаштарын көру керемет сезім. Бүгін мен осындай іс-шараның қатысушысы болғаныма ризамын», — деп өз эмоцияларымен бөлісті ол.

Ол бүгін өмірінде алғаш рет алма ағашын отырғызғанын айтты.

«Мен, тіпті, көшетті еркелетіп, оны «Анара» деп атадым. Біздің қаламыз алмасымен әйгілі. Әрбір алматылық біздің жеріміздің тазалығы мен сұлулығына қамқорлық жасауы керек», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Алматы – бақша қаласы» акциясы барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның 4 мыңнан астамы алма ағашы. Оның ішінде «Сосновый бор» саябағының аумағында 500 алма мен өрік көшеттері, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында мыңға жуық көшет отырғызылды.

Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО) «Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (ВИДЕО) Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО)