Жамбыл облысында интернатта жоғарғы сынып оқушысы 14 жасар ұлды зорлаған

28.04.2024, 15:18
1471
Жамбыл облысында интернатта жоғарғы сынып оқушысы 14 жасар ұлды зорлаған бейнежазбадан алынған кадр

11-сынып оқушысы тергеу абақтысына қамалды. Бірнеше мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысы 14 жастағы ұлға азғындық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 

Сұмдық жағдай Байқадам Қашқынбаев атындағы оқу ұясының қабырғасында болған. Айта кетейік бұл мектеп-интернатындағы екінші жағдай. Былтыр дәл осы мектепте жетінші сынып оқушысы жүкті болып, 55 жастағы күдікті жуырда ғана сотталған еді. Бұл жолы біраз лауазымды тұлғалардың басы дауда қалар түрі бар. Бұл туралы Информбюро мәлімдеді.

Сорақы жайт, Саудакенттегі мектеп қабырғасында болған. Мұндағы интернатта 64 ұл-қыз жатып оқиды. Қазір жоғары сыныптардан жәбір көрген жеткіншек жалғыз ба көп пе тергеумен анықталуда. Әзірге сегізінші сыныптағы бір ұлға азғындық жасады деген күдікпен 11-ші сыныптың оқушысы қамауға алынды. Бірақ білім басқармасының басшысы бейнекамераларды бақылап бейәдеп әрекеттерді байқамадық дейді.

"Суицид жасалды деген мәлімет жоқ. Бұны зорланды деп әзірге тіркелген жоқ. Себебі менің осы салаға келгеніме көп болған жоқ. Сондықтан әлі зерделеп үлгермедім. Жатақханасында ұл балалардың бөлмесіне дейін камерамен қамтылған. Бәрін өзім барып көріп шықтым. Камераға оқиға бейнеге түспеген. Менің ағаттығым енді сол мейлінше осы тәрбие жөніндегі осалдықтардың алдын ала алмағаным болып тұр",-дейді Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов.

Полиция басқармасы жыныстық сипаттағы әрекетке барғаны үшін бір баланың тергеліп жатқанын жеткізді. Сот-медициналық сараптама да тағайындалыпты. Сондай-ақ бақылауды бос қойған бірқатар мектеп әкімшілігіне қылмыстық іс қозғалған.

"Кәмелетке толмаған 14 жастағы балаға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалық кешен тағайындалды. Күдіктіге қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау түріндегі шарасы қабылданды",-дейді Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Интернаттың оқытушылар құрамына қатысты міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айта кетейік қазір жәбір көрген оқушы басқа мектепке ауыстырылды. Ал күдіктінің көп балалы отбасыдан шыққаны белгілі болды. Тоғыз баланың үлкені екен. Былтыр дәл осы мектепте жетінші сынып оқушысы жүкті болып, 55 жастағы күдікті жуырда ғана сотталған еді. Дүйім елді дүрліктірген екі бірдей оқиғадан соң облыстағы білім басшылары құзырлы орган тергеуінен бөлек бірқатар лауазымды тұлғаларды жазалауды бастап кетті.

"Тиісті деңгейде жұмыс атқармағаны үшін аудан әкіміне және облыстық білім басқармасы басшысына қатаң сөгіс ретінде жауапкершілікке тартылды. Және де арнайы нұсқамалармен тапсырмалар берілді",-дейді  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календаров.

Осыдан үш күн бұрын болған жағдай күні кеше белгілі болды. Сұмдықты ести сала ауданға аттанған шенеуніктердің суыт жүрісінен ауылдықтар жайсыз жағдайдың болғанын білген.

Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр "Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды Бет ашамын деп алданып қалдым - Мақсат Базарбаев (видео) «RoboZerde-2024»: Астанада алғаш рет республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес, барған әулетіне құрмет көрсету Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз: Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтты Қостанай облысында қаза болған полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен "Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты "Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды Астанада жаппай веложарыс өтеді Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті