Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды

28.04.2024, 16:42
725
Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды Freepik.com

Іс Ұйғыр аудандық сотында қаралды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының тұрғынын ұлтараздық тудырғаны үшін соттады. Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық агенттігі жазды. 

Сотталушы өткен жылдың 6 қараша күні ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған аудиожазбаны What'sApp мессенджері арқылы әртүрлі ұлт өкілдерінің азаматтары бар көршілерінің чатына жіберген. 

Сотта әйел аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданы тұрғындарының көңіліне тиетінін білгені анықталды. 

Прокурор жазалау мақсатында бас бостандығынан айыруды ұсынды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Сот залында ол өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. 

ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінің санкциясы екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот жеңілдетілген жағдай бойынша шын ниетпен өкінуін, ауырлататын жағдайлардың болмауын, зейнеткерлік жасын, денсаулық жағдайын ескере отырып, сотталушыны түзету оның қоғамнан оқшауланбай-ақ қол жеткізуге болады деп санады.

“Сот үкімімен М. кінәлі деп танылды.  ҚК 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды”, - делінген хабарламада

Үкім заңды күшіне енген жоқ

«Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады (Видео) Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО) «Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (ВИДЕО) Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр "Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды