«Итіме кім ескерткіш қояды деп уайымдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі өлім аузында жатқан сәті туралы айтты

29.04.2024, 09:26
1949
«Итіме кім ескерткіш қояды деп уайымдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі өлім аузында жатқан сәті туралы айтты Бейнежазбадан

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Алғашқы» бағдарламасында денсаулығы сыр беріп, ота жасалған сәт туралы айтты.

Aikyn.kz хабарлауынша, сазгер ауруханада жатқанда итін қатты уайымдағанын айтады. Өйткені оған ескерткіш қоюды жоспарлап жүрген екен. 

«Ауруханада дәрігер келіп «Үш күннен кейін жасаймыз, екі күн қалды» деп айтып тұрады. Ол маған «Ажалыңа екі күн қалды» дегендей естіледі. Бір палатада жалғыз өзім жаттым. Тірі қалуым бірінші Құдайдың, екінші осы дәрігерлердің арқасы ғой. Ота алдында бір-ақ нәрсе ойладым. Ол менің Құтжол деген итім бар еді. «Егер олай-бұлай боп кетсе, Құтжолға кім ескерткіш қояды?» деп уайымдадым. Сосын балаларыма хат жаздым. «Мен кетіп жатсам, жұрттың қарсылығын қарамай, ауылда Құтжолға ескерткіш қойыңдар» деп. Өйткені мені арманымның құтты жолына шығарып салған. Оған уәде бергенмін. Балаларымның болашағын ойламадым. Олар ер жетіп қалды, оң-солын біледі. Бәлкім менің кетіп қалғаным оларға кішкене еркіндік сыйлайтын шығар. Себебі қатал әке болдым. Қызымды ойладым. Қазір қызыма «Сен үшін тірі қалдым» деп айтып отырамын», - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Композитор ауылдан қалаға кеткенде иті ғана шығарып салғанын, сондықтан сол жүрген жерге ескерткіш қойғысы келетінін айтты.

«Аузына аттың ауыздығын салып, ұрып–соққан»: Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келген «555 күн өтті…»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады Қақтығыс байқалмады: сенаторлар Құлсарыдағы жағдайды қалай бағалайды Алматыда мешіттерде телефон ұрлап жүрген ер адам ұсталды Үздік оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік бермек «Сол қыз – мен…»: Дина Төлепберген өміріндегі ешкімге айтпаған сырын жайып салды. «Балаларыммен мазарға қонған кезім болды»: «Бірақ…» бағдарламасында жылап қалған әйел басынан кешкенін айтты Бишімбаев ганнибалдар отырған түрмеде жазасын өтеуі мүмкін – заңгер Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатыр Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті халықаралық деңгейге шығады Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсететін сайт іске қосылады Қазақстанда іздеуде жүрген педофил Ресейде ұсталды Астанада өтетін қайырымдылық жүгіріске Қазақстанның 16 қаласынан 2 мыңнан астам адам тіркелді ҰБТ-да ерекше қажеттіліктері бар түлектерге қосымша 40 минут беріледі Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды Ақмола облысында тариф көтерген теміржол компаниясының 64,5 млн теңге табысы тәркіленді Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде ұсталды