"Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді

29.04.2024, 10:56
672
"Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді Бейнежазбадан

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ресейлік блогер Наталья Грейске берген сұхбаты жария болды

Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева ұлын «ана ретінде қолынан келгенше қорғап жүргенін» айтып, көзіне жас алды.

«Әрине, бұл өте ауыр трагедия. Салтанаттың ата-анасын түсінемін. Үйімізде үлкен трагедия. Әлеуметтік желіде негатив материал көп. Бірақ жақсы адамдар да көп. Жағалауда жүрген кезімде шамамен 40 жастағы әйел келіп, «апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасысыз ғой? Бекем болыңыз, біз сізді түсінеміз, сізді қолдаймыз» деді. 

Мұндай жағдай кез келген адамның басынан өтуі мүмкін. Бірақ мұндай нәрсені ешкімге тілемеймін. Ұлымды өте қатты жақсы көремін, ұлымызбен мақтанамыз. Бірақ осындай жағдай болып қалды. Неге бұлай болғанын әкесі екеуіміз де түсіне алмадық. Ол қатал адам болған емес. Бала күнінен өзіне жауапкершілікті ала білетін адам болған. Үнемі бізге қамқор болатын. Үш жыл бұрын әкесі қатты ауырып қалған кезде дәрігер тауып, емдетті. Үнемі бізге алаңдап жүреді», - дейді Альмира Бишімбаева.

Сонымен қатар, Уәлихан Бишімбаев та ұлының ісіне қатысты пікір білдірді. 

«Иә, ол кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Өз қызымыздай қарайтынбыз. Олар бақытты болғысы келді, бір-бірін жақсы көретін. Қуандықпен арасында сөзге келіспей қалатынбыз, бірақ ешқашан қол көтерген емеспін. Бұл біздің отбасымызға жат дүние», - дейді Уәлихан Бишімбаев. 

Альмира Бишімбаева ұлының Салтанатты өлтіру ойы болмағанын айтады. 

«Ең біріншіден, Қуандықта Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ. Ол Салтанатты жақсы көретін. Ол өте мейірімді, қамқор адам. Әдейі қаскөйлікпен өлтіруі мүмкін дегенмен ана ретінде келіспеймін», - дейді Альмира Бишімбаева. 

ҰБТ-да ерекше қажеттіліктері бар түлектерге қосымша 40 минут беріледі Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды Ақмола облысында тариф көтерген теміржол компаниясының 64,5 млн теңге табысы тәркіленді Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде ұсталды «27 жыл күткен сәбидің жүрек қағысын естідік»: Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын жеткізді "Хатта жазылған нәрсенің бәрі фотошоп": Олжас Еспанов желіде шу болған оқиғаға қатысты шындығын айтты "Жалғыз қызымды аяусыз өлтірді": пәтерінде пышақтап кеткен жас дәрігердің әкесі оқиғаны Бишімбаев ісімен салыстырды Петропавлда суға кеткен баспаналарды тексеру нәтижесінде 238 үй апатты деп танылды «Ішімдік ішіп келетін»: Алматыда мәйіттерді зорлады деп айыпталған күзетші туралы тың мәліметтер айтылды Атырауда құтқарушы қайтыс болды Астана әкімдігі кадр даярлауға 1 087 білім беру грантын бөлмек Денсаулық сақтау министрлігі студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізбек "Артқы жағында 2 см сызат бар": Ақтөбе облысында бұрынғы полиция қызметкері 3 жасар қызды зорлаған деген күдікке ілінді "Өлімге әкелген әзіл": Жамбыл облысындағы жасөспірімнің өліміне қатысты ақпарат пайда болды Әйелін ұрған дипломаттың үстінен қылмыстық іс азаптау фактісі бойынша қозғалды Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды Мегаполис көшелерінің жағдайы мәз емес