«Хат қалдырған»: Түркістан облысында полиция майоры өз-өзіне қол жұмсады

29.04.2024, 12:39
690
«Хат қалдырған»: Түркістан облысында полиция майоры өз-өзіне қол жұмсады otyrar.kz

Рәтбек бастығының өзінен «орнын босатуды талап еткенін, келіспеген соң өзі жоқ кезде қызметін ауыстырып жібергенін» айтқан.

Түркістан облысында полиция майоры өзіне қол салып, ажал құшты. Ал марқұмның мәйітінің жанынан өлер алдындағы қоштасу хаты табылды. Ол жерде тәртіп сақшысы өліміне бастығын кінәлаған. Содан бері ес жия алмай жүрген Жүзеевтер отбасы арада екі ай өтсе де тергеудің мардымсыз жүріп жатқанын айтады. Және қысымнан қайтыс болды деген ұлдарының ажалына себеп болғандардың қатаң түрде жазалануын талап етіп отыр, деп хабарлады Otyrar.kz басылымы. 

Әзіретәлі Жүзеевтің ұлы Ратбек Жүзеев биыл 12 наурыз күні өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Аудандық полиция бөлімінде майор шенінде қызмет еткен ұлының басшылықтан қысым көргенін айтқан әке баласының қазасынан бір күн алдын бөлім бастығы өзін шақырғанын айтады.

«11 күні кешкі 17:00-де полиция бастығы Қуашбаев Ғалымжан маған звондады. «Сіз Ратбектің папасысыз ба?» деп, «Иә» дедім. «Сіз келіп кетіңіз маған, Ратбектің артынан қылмыс қозғалайын деп жатыр» деді. 240 мың ақша мылтыққа қарыз екен деп. 240 мың қарыз болса, мен-ақ бере салайын» дедім. «Онда ертең балаңызды ертіп келіңіз» деді», - дейді марқұмның әкесі Әзіретәлі Жүзеев.

Кездесуден шыққан соң әкесі дереу ұлына хабарласып мән-жайды сұраған. Рәтбек бастығының өзінен «орнын босатуды талап еткенін, келіспеген соң өзі жоқ кезде қызметін ауыстырып жібергенін» айтқан.

«Әкесіне, нағашысына қару істеп бергенмін. Сол нәрсенің бәрін тегін істеп бергенмін. «Ішкендерің, лишениеге кеткендерге толтырған протоколдарды жоқ қылып, ақшасын маған әкеп бер» деді. Мен «ол тірлікті істей алмаймын» дедім. «Істемесең орныңды босат» деді. Істейтін, ақша алатын адам орныңа табылады. Сонымен мені қызметтен босатты» деп айтты ұлым»,- дейді марқұмның әкесі.

Полиция бөлімінің бастығы Ратбек көз жұмғаннан кейін 16 күн өткен соң келді дейді марқұмның анасы. Көңіл айтуға келген кезінде полиция майорын «мінезі қызметіне тура келмейтіндіктен» басқа орынға ауыстырғанын айтты дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

Жақындары Ратбек Жүзеевке қысым көрсетілгеніне сенімді. Сөздерінше, ол өлер алдында хат жазып қалдырған. Марқұм хатта ата-анасы мен балаларын жақсы көретінін айтып, өз өліміне кінәлі адамның аты-жөнін жазып кеткен.

«7 наурыз күні «мама, мен сізді жақсы көрем» деп жазған. Сол кезде қарындастарына да жазыпты, бірақ оны мейрамға жазған шығар деп ойладық. 12 наурыз күні «мама кешіріңізші» деп жазғаннан кейін, неге бұлай жазды деп өзіне звондадым. Алмаған соң қызына звондадым. Ол «маған да сүйтіп жазды, местоположение жіберді» деді. Онысы несі, «өлсең осы жерден тауып аласыңдар» дегені шығар деп, іздеп, қызым мен күйеу балам тапты ғой»,- деді марқұмның анасы Күлжамаш Жүзеева.

33 жасында өмірден өткен марқұмның туыстары кінәлі адам табылып, өз жазасын алса екен дейді.

 «Егер пара алса, қалай мынандай үйде отырамыз. Әдемі үйде отырмаймыз ба? Жөндеу жасамаймыз ба?! Қан жұтып, зарлап еңіреп отырмыз. Қайғырып, баламыздан айырылып. Жап-жас өмірден өтті. Артында жары мен бала-шағасы қалды. Кінәлі адам әлі жүр, жұмыс істеп, ешқандай жаза қолданылған жоқ. Әділеттілік іздеймін!», - деді марқұмның анасы Күлжамаш Жүзеева.

Ордабасы аудандық полициясындағы қызметкерлер Ғалымжан Қуашбаев әкіммен есеп беру жиналысына кеткенін, ресми жауапты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі беретінін айтты.

Ал аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы полиция бастығының әкімнің қабылдауында екенін жоққа шығарды. Туыстарының қолындағы қаулыға сәйкес аталған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалғаны жазылған. Айта кетейік, қайғылы оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті бастығына ресми сұраныс хат жолданды.

«Түркістан облысы Ордабасы ауданында полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді»,- делінген Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, марқұм Рәтбек Жүзеевтің артында 2 ұл, бір қызы қалды.

«555 күн өтті…»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады Қақтығыс байқалмады: сенаторлар Құлсарыдағы жағдайды қалай бағалайды Алматыда мешіттерде телефон ұрлап жүрген ер адам ұсталды Үздік оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік бермек «Сол қыз – мен…»: Дина Төлепберген өміріндегі ешкімге айтпаған сырын жайып салды. «Балаларыммен мазарға қонған кезім болды»: «Бірақ…» бағдарламасында жылап қалған әйел басынан кешкенін айтты Бишімбаев ганнибалдар отырған түрмеде жазасын өтеуі мүмкін – заңгер Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатыр Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті халықаралық деңгейге шығады Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсететін сайт іске қосылады Қазақстанда іздеуде жүрген педофил Ресейде ұсталды Астанада өтетін қайырымдылық жүгіріске Қазақстанның 16 қаласынан 2 мыңнан астам адам тіркелді ҰБТ-да ерекше қажеттіліктері бар түлектерге қосымша 40 минут беріледі Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды Ақмола облысында тариф көтерген теміржол компаниясының 64,5 млн теңге табысы тәркіленді Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде ұсталды «27 жыл күткен сәбидің жүрек қағысын естідік»: Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын жеткізді