Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді – СІМ

29.04.2024, 16:50
248
Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді – СІМ jambylinfo.kz

Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөздер алаңын ұсынады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жақында жасаған сапарларында осы елдер арасында берік, ұзақмерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен еді. 

Сондай-ақ, Қазақстанның келіссөз өткізу үшін алаң ұсыну арқылы жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

«Шынында да, осындай келіссөздер Алматыда өтуге жоспарланып отыр. Біз Әзербайжан мен Армениядағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Алдағы келіссөздер тек қана екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана «Good office» деп аталатын ізгі ниет қызметтерін көрсетеміз. Өтетін күні немесе басқа да ақпарат қосымша хабарланады», - деді А. Смадияров.

Сонымен бірге, А. Смадияров бұл келіссөзге жұмсалатын қаражат туралы тілшілер сұрағына жауап берді.

«Бұл сондай ауқымды шара емес. Қазақстан қандай да бір шығындарды өтеуі мүмкін, бірақ қос тарап мәмілеге келіп жатса, оның пайдасы тұтас аймаққа септігін тигізеді», - деп жауап берді ресми өкіл.

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды Ақмола облысында тариф көтерген теміржол компаниясының 64,5 млн теңге табысы тәркіленді Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде ұсталды «27 жыл күткен сәбидің жүрек қағысын естідік»: Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын жеткізді "Хатта жазылған нәрсенің бәрі фотошоп": Олжас Еспанов желіде шу болған оқиғаға қатысты шындығын айтты "Жалғыз қызымды аяусыз өлтірді": пәтерінде пышақтап кеткен жас дәрігердің әкесі оқиғаны Бишімбаев ісімен салыстырды Петропавлда суға кеткен баспаналарды тексеру нәтижесінде 238 үй апатты деп танылды «Ішімдік ішіп келетін»: Алматыда мәйіттерді зорлады деп айыпталған күзетші туралы тың мәліметтер айтылды Атырауда құтқарушы қайтыс болды Астана әкімдігі кадр даярлауға 1 087 білім беру грантын бөлмек Денсаулық сақтау министрлігі студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізбек "Артқы жағында 2 см сызат бар": Ақтөбе облысында бұрынғы полиция қызметкері 3 жасар қызды зорлаған деген күдікке ілінді "Өлімге әкелген әзіл": Жамбыл облысындағы жасөспірімнің өліміне қатысты ақпарат пайда болды Әйелін ұрған дипломаттың үстінен қылмыстық іс азаптау фактісі бойынша қозғалды Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды Мегаполис көшелерінің жағдайы мәз емес Теміртау: Экспонатқа айналған қоғамдық көлік