Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды

29.04.2024, 17:36
648
Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды canva.com

Алмалы аудандық сотында қызды пышақпен қорқытып, зорлады деп айыпталған К-ға катысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысы жабық өтті.

Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

«2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П-мен танысқан. Кейін соталушы жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң сотталушы бәкісін шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, зорлаған» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сот сотталушы К-ның материалдық жағдайын жақсарту үшін тағы бір қылмыс жасауға ұмтылғанын анықтады.

«2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К. түнгі клубқа келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін жәбірленушіге жақындап, бетінен ұрып, қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші ұялы телефоны мен ақшасын береді» деп атап өтті ведомстводан.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

Алматыда мешіттерде телефон ұрлап жүрген ер адам ұсталды Үздік оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік бермек «Сол қыз – мен…»: Дина Төлепберген өміріндегі ешкімге айтпаған сырын жайып салды. «Балаларыммен мазарға қонған кезім болды»: «Бірақ…» бағдарламасында жылап қалған әйел басынан кешкенін айтты Бишімбаев ганнибалдар отырған түрмеде жазасын өтеуі мүмкін – заңгер Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатыр Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті халықаралық деңгейге шығады Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсететін сайт іске қосылады Қазақстанда іздеуде жүрген педофил Ресейде ұсталды Астанада өтетін қайырымдылық жүгіріске Қазақстанның 16 қаласынан 2 мыңнан астам адам тіркелді ҰБТ-да ерекше қажеттіліктері бар түлектерге қосымша 40 минут беріледі Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды Ақмола облысында тариф көтерген теміржол компаниясының 64,5 млн теңге табысы тәркіленді Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде ұсталды «27 жыл күткен сәбидің жүрек қағысын естідік»: Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын жеткізді "Хатта жазылған нәрсенің бәрі фотошоп": Олжас Еспанов желіде шу болған оқиғаға қатысты шындығын айтты "Жалғыз қызымды аяусыз өлтірді": пәтерінде пышақтап кеткен жас дәрігердің әкесі оқиғаны Бишімбаев ісімен салыстырды