ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді

02.05.2024, 12:40
189
ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» АҚ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді.

Жолаушылардың қаперіне:

  • Жолаушылар пойыздарымен тек үй жануарларын тасымалдауға рұқсат етілген. Олардың (мысықтар, иттер, құстар) саны екіден аспауы керек. Үй жануарлары мен құстарды тасымалдау тиісті ветеринариялық паспорттар немесе анықтамалар болған кезде ғана рұқсат етіледі. Анықтамаларды міндетті түрде пойызға отырғызар кезде көрсету керек.
  • Басқа жолаушыларға қолайлы болу үшін және аллергиялық реакцияларды болдырмауын қамтамасыз ету үшін үй жануар иесінің купенің барлық орнын толығымен сатып алуы қажет. Жануарларды иесінсіз пойызға кіргізуге рұқсат етілмейді.
  • Одан бөлек, үй жануарларын тасымалдау кезінде олар үшін тек иелері жауап береді. Жануарлардың иесі оларды (торда, жәшіктерде, себеттерде) станцияларда, пойызға отыру/шығу кезінде, сондай-ақ пойыздың өзінде бақылауда ұстауы керек. Оларды тамақтандырып болғаннан кейін тазалықты сақтап, артынан жинастыруды ұмытпаған жөн.
  • Үлкен иттерге тұмылдырық пен қарғыбау тағу міндеттеледі. Үлкен итпен саяхаттау кезінде оның салмағы бойынша есептелген багаж тарифі қолданылады. Ірі иттер тек бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурына орналастырылады. Үй жануарларының иесі оны алып жүруге және сапар кезінде қауіпсіздікке толық жауап береді.
  • Зағип иесімен бірге жүретін бағыттаушы ит вагонның кез келген түрінде болуы мүмкін. Ол үшін қосымша ақы алынбайды. Сонымен қатар, вагон-мейрамханаларға жануарлармен кіруге рұқсат етілмейді. Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды тасымалдауға болмайды.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға үй жануарларымен сапарларын алдын ала жоспарлауды және жануарлардың жүру шарттары туралы ақпаратты 1433 тегін телефоны арқылы, сондай-ақ вокзалдың билет кассаларынан алуға болатынын ескертеді, – делінген хабарламада.

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді Бірнеше өңірде үсік жүреді: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы «Аузына аттың ауыздығын салып, ұрып–соққан»: Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келген «555 күн өтті…»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады Қақтығыс байқалмады: сенаторлар Құлсарыдағы жағдайды қалай бағалайды Алматыда мешіттерде телефон ұрлап жүрген ер адам ұсталды Үздік оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік бермек «Сол қыз – мен…»: Дина Төлепберген өміріндегі ешкімге айтпаған сырын жайып салды. «Балаларыммен мазарға қонған кезім болды»: «Бірақ…» бағдарламасында жылап қалған әйел басынан кешкенін айтты Бишімбаев ганнибалдар отырған түрмеде жазасын өтеуі мүмкін – заңгер Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатыр Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті халықаралық деңгейге шығады Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсететін сайт іске қосылады Қазақстанда іздеуде жүрген педофил Ресейде ұсталды Астанада өтетін қайырымдылық жүгіріске Қазақстанның 16 қаласынан 2 мыңнан астам адам тіркелді ҰБТ-да ерекше қажеттіліктері бар түлектерге қосымша 40 минут беріледі Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды Ақмола облысында тариф көтерген теміржол компаниясының 64,5 млн теңге табысы тәркіленді Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды