Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр

04.05.2024, 15:58
481
Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр Jogargy_sot

Әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сотта жарыссөздің бірінші кезеңі аяқталды. Үзілістен кейін судья Айжан Құлбаева тікелей эфирді тоқтатып, алқабилердің шығуын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жарыссөздің екінші бөлімі алқабилердің қатысуынсыз өтеді. Сол себепті эфир тоқтатылып, БАҚ өкілдері сот залынан шықты.

Жарыссөздің екінші бөлімінде мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық өкіл, қорғаушының және сотталушы сөйлейді. Онда сотталушының тағылған айыбы, жазасы және азаматтық талап талқыланады. 

Қазір Бишімбаев пен Байжановты соттау қажет деген баптар талқыланып жатыр.

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаттары экс-министрдің әрекетін 104-баптың 1-бөлігі "Абайсызда болған адам өлімі" бойынша саралауды сұраған. Бұл бап үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеуді қарастырады.

Ал айыптаушы тарап қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы "Материалдық жағынан тәуелді адамға күш көрсету әрекеттерін қолдана отырып, жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы дене және психикалық зардап келтіру" және 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру"баптары бойынша соттауды талап етті.

Келесі сот отырысы 6 мамыр сағат 10:00-де болады.

Астанада 2 мыңнан астам адам аутист балаларды қолдап, қайырымдылық марафонына қатысты Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген «Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды «Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнама туралы (ВИДЕО) Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО) «Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО) Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды? Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО) Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды «Бұл туралы ешқашан айтпағанмын»: Баян Мақсатқызы экс-күйеуінен көрген қорлығы туралы бар шындықты айтты «Арамызда ақша жүрмейді»: Садраддин мен Қайрат Нұртасқа хит жазған сазгер жайлы не білеміз (ВИДЕО) Қайраттың әндеріне 1 миллион, Шәмшінің хиттеріне 22 мың теңге: Қалдаяқовтың келіні композитордың әндеріне төленетін мардымсыз ақы туралы айтты Журналист Сандуғаш Дүйсенова шешіндіріп видеоға түсірген полицейлерден 100 мың теңге өндіріп алады “Дженифер Лопес жолда қалды”: Аяғы ауыр Мақпал Исабекова желіде фотосессия кадрларын жариялады «Шариғат көп әйел алуды құптамайды»: Құран аудармашысы Қазақстандағы тоқал алу туралы мәлімдеме жасады "Бұрынғы әйеліме сана берсін": Әкім Ринат Ибрагимов жұбайының азаптағаны туралы айыптауларға қатысты пікір білдірді «Хейтерлеріме»: Мөлдір Әуелбекова өзін ғайбаттайтындарға алғысын айтты (ВИДЕО) Жұрт жаназа шығаруға 30 мың теңге сұраған имамға шүйлікті