«Әкемнің кім екенін білген кезде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті

Аиса Махамбет Редактор
04.05.2024, 21:12
6499
«Әкемнің кім екенін білген кезде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті жеке парақшасынан

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев балалық шағын есіне алып, ата-әжесінің тәрбиесінде болғанын жасырмады. Бұл туралы “Сәлем, папа” жобасында айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі бала күнінде әке-шешесінің кім екенін білмеген. 

“1976 жылы туғанмын. Балалық шағым Тараз қаласы, Талас ауданында өтті. Ол кезде заман сондай ма, ата-әженің баласы болдық. Әке-шешем маған аға-әпке сияқты еді. Олар қалада тұрды. Мен ата-әжеммен ауылда тұрдым. Әке-шешемнің солар екенін естігенде қатты таңғалдым. Оған дейін мені әжем туған деп ойлап жүріппін. Мектепке баратын кезде әкемнің атамнан жалынып сұрап алғаны есімде. “Қаланың өмірін көрсін, мектепке барады” дегесін атам рұқсатын берді. Екі әкенің тәрбиесін көрдім деп айта аламын. Өнердегі әкем – Алтынбек Қоразбаев. Ол кісі де әкемдей қамқорлық жасады”, – деді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі баланың өмірінде әкенің алатын орнын айтып, бала тәрбиесі туралы да ойын бөлісті. 

“Әкемнің мінезі ақкөңіл, әзілге жақын. Ортасын жадыратып, күлдіріп отыратын. Шешем –салмақты, көп сөйлемейтін адам. Мен екеуінің де қасиетін теңдей бойыма сіңіргенмін. Салмақтылығым да, әзіл айтып күлдіріп отыратыным да бар. Балаға әкенің өсиеті мен берген тәлімі өте маңызды. Қазақ әкені асқар тауға теңейді. Бүгінде балаларыма жақсы әке болуға тырысамын. Мен бала күнімде “Бозторғай” деген әнді айтқанмын. Жетім баланың зары мен мұңын суреттейді. Сол кезде Алтынбек көкем жетімдер үйіне алып барған. Әнді түсініп айтсын деген ниеті болуы керек. “Мына балалардың әкесі де, шешесі де жоқ” дегенде өмірде әке-шешесі жоқ балалар да болады екен ғой деп қатты таңғалғаным бар”, – деп жан сырын ақтарды эстрада жұлдызы. 

Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген «Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды «Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнама туралы (ВИДЕО) Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО) «Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО) Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды? Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО) Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды «Бұл туралы ешқашан айтпағанмын»: Баян Мақсатқызы экс-күйеуінен көрген қорлығы туралы бар шындықты айтты «Арамызда ақша жүрмейді»: Садраддин мен Қайрат Нұртасқа хит жазған сазгер жайлы не білеміз (ВИДЕО) Қайраттың әндеріне 1 миллион, Шәмшінің хиттеріне 22 мың теңге: Қалдаяқовтың келіні композитордың әндеріне төленетін мардымсыз ақы туралы айтты Журналист Сандуғаш Дүйсенова шешіндіріп видеоға түсірген полицейлерден 100 мың теңге өндіріп алады “Дженифер Лопес жолда қалды”: Аяғы ауыр Мақпал Исабекова желіде фотосессия кадрларын жариялады «Шариғат көп әйел алуды құптамайды»: Құран аудармашысы Қазақстандағы тоқал алу туралы мәлімдеме жасады "Бұрынғы әйеліме сана берсін": Әкім Ринат Ибрагимов жұбайының азаптағаны туралы айыптауларға қатысты пікір білдірді «Хейтерлеріме»: Мөлдір Әуелбекова өзін ғайбаттайтындарға алғысын айтты (ВИДЕО) Жұрт жаназа шығаруға 30 мың теңге сұраған имамға шүйлікті «Жігіттердің 99 пайызы кездесуден соң мені бұғаттайтын»: блогер Айшолпан Байтүгел жеке өмірі туралы (ВИДЕО)