Алматыда 13 жасар баланы тал түсте атып кеткен: Полиция қылмыскерді іздеп жатыр

Аиса Махамбет Редактор
05.05.2024, 12:32
538
Алматыда 13 жасар баланы тал түсте атып кеткен: Полиция қылмыскерді іздеп жатыр polisia.kz

Алматы облыстық ауруханасына оқ жарақатымен жеткіншек түсті. Бақытымызға орай, дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау басқармасы оқиға 16 сәуірде болғанын мәлімдеді. 13 жасар бала оқ тиген уақытта үйінің жанындағы көл жағасында ойнап жүрген.

"Дәрігерлер балаға операция жасап, денеден оқты алып тастады. Оқ оң жақтағы кеуде қуысы арқылы өтіп, өкпенің тіндерін зақымдап, иық пышағының төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралыққа жабысып қалған. Нақты және жедел әрекет еткен дәрігерлердің арқасында кішкентай баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның Іле ауданында болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Оқтың пневматикалық қарудан атылғаны анықталды. Барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу жалғасуда", – делінген хабарламада. 

«Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды Израиль әскерилері Газа секторында кепілге алынған үш адамның мәйітін тапты «Қарап отырып жылаймын»: Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО) TikTok Қытайдағы ең құнды брендке айналды Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді «Санасыз еркектер кездеседі»: Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты (ВИДЕО) Кірпіні доп қылып ойнаған Ақтөбе тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО) Астанада 2 мыңнан астам адам аутист балаларды қолдап, қайырымдылық марафонына қатысты Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген «Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды «Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнамаға қатысты (ВИДЕО) Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО) «Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО) Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды? Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО) Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды «Бұл туралы ешқашан айтпағанмын»: Баян Мақсатқызы экс-күйеуінен көрген қорлығы туралы бар шындықты айтты