Алматыдағы Әзербайжан-Армения келіссөзінің қашан өтетіні белгілі болды

06.05.2024, 14:12
242
Алматыдағы Әзербайжан-Армения келіссөзінің қашан өтетіні белгілі болды коллаж smartnews.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің қай күні өтетінін мәлімдеді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді», - деді А. Смадияров министрліктегі апталық брифингте. 

Бұған дейін Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынғаны хабарланған еді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жақында жасаған сапарында осы елдер арасында берік, ұзақмерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен. 

Сондай-ақ, Қазақстанның келіссөз өткізу үшін алаң ұсыну арқылы жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

«Алдағы келіссөз тек қана екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана «Good office» деп аталатын ізгі ниет қызметін көрсетеміз», - деді министрлік өкілі.  

Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды Тойда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО) Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы «Қазақстанда» «Дара бала» мегажобасына кастинг жарияланды «Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды Израиль әскерилері Газа секторында кепілге алынған үш адамның мәйітін тапты «Қарап отырып жылаймын»: Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО) TikTok Қытайдағы ең құнды брендке айналды Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді «Санасыз еркектер кездеседі»: Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты (ВИДЕО) Кірпіні доп қылып ойнаған Ақтөбе тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО) Астанада 2 мыңнан астам адам аутист балаларды қолдап, қайырымдылық марафонына қатысты Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген «Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды «Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнамаға қатысты (ВИДЕО) Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО)