Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды

07.05.2024, 10:50
248
Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды canva.com

Air Astana әуе компаниясы Еуропаның көрікті қалалары Ираклионға (Грекия) және Подгорицаға (Черногория) маусымдық жазғы рейстердің қайта басталатыны туралы хабарлады.

«Алматыдан Крит аралында орналасқан Ираклионға рейстер 6 маусымда дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рет жиілікпен басталады. Ұшулар Airbus A321LR авиалайнерінде 6 сағат 30 минут ұшу ұзақтығымен орындалады. Қазақстан азаматтарына Грекияға кіру үшін шенген визасы қажет. Ираклионнан Афинаға жергілікті тұрақты рейстермен жетуге болады, олар шамамен бір сағатты алады, сондай-ақ пароммен танымал Санторини аралдарына дейін жетуге болады.

Барлық алымдармен екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 307 959 теңге» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әуе компаниясы Черногорияның астанасы Подгорицаға ұшақпен бару мүмкін болатынын мәлімдеді. 

«Алматыдан рейстер 8 маусымнан бастап сейсенбі, жұма және сенбі күндері қатынайды, ал Астанадан Подгорицаға рейстер 9 маусымнан бастап дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады. 2024 жылғы 1 мамырдан 31 қазанға дейін Қазақстан азаматтары үшін Черногорияға 30 күнге дейін визасыз кіруге болады.

Алматыдан Подгорицаға барлық алымдармен екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 282 551 теңгеден басталады.

Рейстердің ұшу ұзақтығы A321LR ұшағымен Алматыдан 6 сағат 55 минут, Астанадан 6 сағат 30 минут» деп хабарлады әуе компаниясы.

Билеттерді airastana.com әуе компаниясының сайтынан, сондай-ақ Брондау және ақпарат орталығынан, әуе компанияның сату кеңселерінен, туристік агенттіктерден сатып алуға болады.

Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды «Енді маған жазбаңыз»: Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді «Үндемей шығарып салған ғой»: Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (ВИДЕО) "Ішетін адамдармен араласпаймын": Олжас Абай өзі туралы ел білмейтін жайтты айтты Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе алмасып жатыр Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде жеңіске жетті Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Трамп "Көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты": Баян Мақсатқызы қызының өзін қалай құтқарғанын айтып берді (ВИДЕО) Павлодарда әйелін кілт жоғалтқаны үшін ұрып-соққан ер адам ұсталды (ВИДЕО) Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды Тойда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО) Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы «Қазақстанда» «Дара бала» мегажобасына кастинг жарияланды «Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды Израиль әскерилері Газа секторында кепілге алынған үш адамның мәйітін тапты «Қарап отырып жылаймын»: Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО) TikTok Қытайдағы ең құнды брендке айналды