Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған

07.05.2024, 10:23
154
Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған novosti-ru.ru

Будапештте Stranger туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өтті.

Мажарстандағы ең үлкен алаң – Ласло Папп спорттық аренасында аншлаг. 77 елден келген әншінің жанкүйерлері Dears фандомының бірдей футболкалары, жилеттері, шарфтары мен басқа да түрлі түсті атрибуттарымен өте әдемі көрінді, – деп жазды dimashnews.com.

Әр елде өткізілетін Димаш шоуы халықаралық мерекеге айналып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әнші жанкүйерлері қалаға алдын ала келіп, бір-бірімен танысып, дәстүрлі pre-party стилінде кездесу ұйымдастырады.

Будапешттегі концертте еуропалық авторлардың «GOLDEN» және «S. O. S D ' un TERRIEN EN DÉTRESSE» шығармалары Қытай және жапон композиторларының «battle of MEMORIES», «JUST LET it BE» және «AUTUMN STRONG» секілді туындыларымен үйлесе орындалды.

Димаштың гастрольдік турының басты міндеттерінің бірі – көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру. «Дүрдараз» халық әні, «Адай» күйімен қатар сахнада белгілі отандық авторлар Еділжан Ғаббасовтың «FLY AWAY», Джордан Аракелян, Айгүл Бажанова мен Мұңайдар Балмолданың «Махаббат бер маған» және Димаштың інісі Әбілмансұрдың «TOGETHER» атты алғашқы композиторлық шығармалары шырқалды. Димаштың «Stranger» туры Венгрияда әншінің жеке концертімен жалғасын тапты.

Димаш Құдайбергеннің келесі концерті 24 мамырда Ыстанбұл қаласында 30 жасқа толған туған күніне орай өткізіледі.

Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО) «Енді маған жазбаңыз»: Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді «Үндемей шығарып салған ғой»: Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (ВИДЕО) "Ішетін адамдармен араласпаймын": Олжас Абай өзі туралы ел білмейтін жайтты айтты Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе алмасып жатыр Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде жеңіске жетті Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Трамп "Көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты": Баян Мақсатқызы қызының өзін қалай құтқарғанын айтып берді (ВИДЕО) Павлодарда әйелін кілт жоғалтқаны үшін ұрып-соққан ер адам ұсталды (ВИДЕО) Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды Тойда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО) Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы «Қазақстанда» «Дара бала» мегажобасына кастинг жарияланды «Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды