Ақтөбеде ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті

07.05.2024, 12:57
2415
Ақтөбеде ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті pixabay.com

Ақтөбеде ерлі-зайыпты үймен бірге өртеніп кетті.

Олардың денелерін өрт сөндірушілері жалын басылғаннан кейін ғана тапқан. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап жазады. 

Оқыс оқиға Ақтөбе қаласындағы саяжайлардың бірінде болған. Үйдің түтіндеп жатқанын құтқарушыларға көршілер хабарлапты. 

Өрт сөндірушілер жеткенше айналадағы адамдар тілсіз жауды өшіруге тырысқан. Бірақ талаптары сәтсіз болыпты. Ал өрт сөндірушілер жеткенде қызыл жалын үйді түгелдей шарпыған. Өрт сөндірілгенімен үй иелерін аман алып қалу мүмкін болмаған. Қос зейнеткердің денесі жалын басылғанда күл астынан табылған.

Сол маңдағылардың айтуынша қос қария мұнда біраздан бері тұрып келеді екен. Ақпарат бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам бар. 

“Осы үйден сегіз бірлік газ және оттегі баллондары алынды. Өрттің ықтимал себебі электр сымының розеткаға қосылған пештен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін”,- деді Ақтөбе қаласы, Астана ауданы ТЖ бөлімінің бастығы

«Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды «Енді маған жазбаңыз»: Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді «Үндемей шығарып салған ғой»: Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (ВИДЕО) "Ішетін адамдармен араласпаймын": Олжас Абай өзі туралы ел білмейтін жайтты айтты Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе алмасып жатыр Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде жеңіске жетті Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Трамп "Көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты": Баян Мақсатқызы қызының өзін қалай құтқарғанын айтып берді (ВИДЕО) Павлодарда әйелін кілт жоғалтқаны үшін ұрып-соққан ер адам ұсталды (ВИДЕО) Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды Тойда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО) Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы «Қазақстанда» «Дара бала» мегажобасына кастинг жарияланды «Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды Израиль әскерилері Газа секторында кепілге алынған үш адамның мәйітін тапты