Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды

08.05.2024, 13:26
191
Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облысында темір құбырды манипулятормен көтерген кезде электр тогы соғып, екі адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жатқызылды.

 

Оқиға бүгін, 8 мамырда Шиелі кентінде болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына сағат 9.05-те ақпарат келіп түскен.

«Сағат 8.20-да темір құбырды манипулятормен көтерген кезде (10 КВт жоғары вольтты сымға тиген) электр тогының соғуынан 2 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Олардың біреуі Қазақстанның 2000, екіншісі Өзбекстанның 1993 жылғы азаматтары екені анықталды. Ал 1993 жылы туған бір адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына ТЖ департаменті, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган, аудандық электр желісі компаниясының өкілдері барды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Департамент мамандары күнделікті өмірде және қоғамда электр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ережелерді бұзу өте қауіпті және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.

Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО) «Енді маған жазбаңыз»: Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді «Үндемей шығарып салған ғой»: Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (ВИДЕО) "Ішетін адамдармен араласпаймын": Олжас Абай өзі туралы ел білмейтін жайтты айтты Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе алмасып жатыр Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде жеңіске жетті Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Трамп "Көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты": Баян Мақсатқызы қызының өзін қалай құтқарғанын айтып берді (ВИДЕО) Павлодарда әйелін кілт жоғалтқаны үшін ұрып-соққан ер адам ұсталды (ВИДЕО)