«Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео)

09.05.2024, 16:42
176
«Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) Sputnik

Қария 1943 жылы соғысқа аттанған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордадағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ғасыр жасаған ардагер тұрады. Ресей тумасы Раиса Сафоничева жеңісті Будапештте қарсы алған. Одан кейінгі тағдыры Қазақстанмен байланысты болған. Бұл туралы 24KZ арнасы жазды. 

Телеарна мәліметінше, қария 1943 жылы соғысқа аттанған. Оған дейін де тыным көрмеген. Әскери зауытта еңбек етіп, ауыр техникаларды күтіп-баптауға ат салысты. Госпитальдарға түскен жаралы сарбаздардың өміріне араша болу үшін донор да болған. Биыл шілдеде 99 жасқа толатын қария екі жылда 8 л 150 грамм қан тапсырғанын есіне алды.

"Мен оқып жүргенде алғаш рет қан тапсырдым. Кейін Отанымды қорғауға бел будым. Санитар болсам да, көмегім тисін дедім. Бірақ жігіттермен тең жүріп, талай жұмысты атқардық. Бәрі мені құрметтейтін. Жеңіске жеткенімізді радиодан естіп білдім. Таңғы сағат 4-те хабарлады. Бөлмеде жалғыз болғам. Бір кезде солдаттар жүгіріп келіп, қуаныштарымен бөлісті. Бұл сәт мәңгі есімнен кетпейді", - деді ардагер Раиса Сафоничева.

Раиса Егоровна майдан шебінде байланысшы болған. Жігерлі жан Украина, Бессарабия, Венгрия, Румынияны жүріп өтті. Жеңіс күнін Будапештте қарсы алған. Кеңес әскері қатарынан 1946 жылы ғана босапты. Одан тұрмысқа шығып, тың игеру үшін күйеуімен Ақмола даласына келген. Әр салада еңбек еткен ол, жолдасы қайтыс болған соң, өз еркімен қарттар үйіне орналасқан.

 "Ол кісі осы "Шарапат" ӘҚКО 2018 жылдан бері тұрып жатыр. Оны  ол кісінің тұңғыш қызы Маргарита алып келген болатын. Бұл әжеміз өзі келген болатын. Қызы қайтыс болды. Қызының қазасы бұл кісіге қатты тиді. Содан кейін бұл кісі төсек тартып жатып, кейіннен коляскаға отыра бастады. Бірақ бұл кісі өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын адамдардың бірі. Ешнәрсеге қарамастан, қайратының арқасында өмір сүріп келеді. Қатты дерті жанына батқан күннің өзінде басқалардың ауырмауын, ары қарай алға жылжуды сұрап отырады", - деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ардақ Сейітова.

Қарияның іздеушілері бар. Шөбересі келіп тұрады. Одан бөлек, депутаттар, ардагерлер ұйымдары, волонтерлер  де қазыналы қарттың көңілін табуға тырысады. Батасын алады.

Раиса Сафоничева екінші дәрежелі ҰОС орденімен марапатталған. Украинаны, Будапештті азат еткені еленді, бейбіт заманда "Ерен еңбегі үшін" бағаланды. Биыл мереке қарсаңында Раиса Сафоничеваға үшінші дәрежелі "Айбын" ордені табысталды.

Телеарна ақпаратынша, қазір "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Раиса Сафоничевадан бөлек 14 тыл еңбеккері тұрып жатыр. Барлығы мемлекет қамқорлығында.

«Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО) «Енді маған жазбаңыз»: Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді «Үндемей шығарып салған ғой»: Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (ВИДЕО)