Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
10.05.2024, 17:55
467
Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті polisia.kz

Әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласы Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 72 мекемесінде Жеңіс мерекесінің құрметіне Қазақстанның белгілі әншісі Саят Медеуов сотталғандарға өнер көрсетті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Polisia.kz-тің жазуынша, өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтаған №72 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры А.Әлімжанов Қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекенің маңызымен таныстырып, құттықтау сөз сөйледі. 

– Жеңіс күнінің Қазақстан халқы үшін маңызы зор мереке. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі бейбіт өмірі кешегі аталарымыздың соғыстағы жеңісімен келгені аян. Сондықтан Жеңіс мейрамы жыл сайын республика көлемінде зор салтанатпен аталып өтеді. Мекемедегі маңызы зор мерекенің салтанатына қазақ елінің сүйікті әншісі Саят Медеуовтің қатысуы біз үшін үлкен қуаныш. Қазақтың қоңыр дауысты әншісі Саяттың өнеріне алғысымызды білдіреміз, – деді мекеме бастығының орынбасары А.Әлімжанов өз құттықтауында. 

Ішкі істер министрлігінің ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты