«Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
10.05.2024, 19:17
365
«Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді бейнежазбадан алынған кадр

Әділет министрлігі Алматы мәйітханасында болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полицейлер мәйіттерді зорлаған мәйітхана күзетшісіне қатысты тергеуді бастады.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, күдіктінің сот сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы болмаған.

"Ол әділет органдарының қызметкері емес. Келісім бойынша мәйітхананың қауіпсіздігін "Ayat Security" ЖШС жүргізген. Бұл азамат аталған ЖШС-нің мәйітханасының күзетшісі болып жұмыс істеген", – деді Талғат Уәли. 

Некрофилияға күдікті азаматқа қатысты "Өлгендердің денесін қорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, Алматыда мәйітхана күзетшісі мәйіттерді зорлап, оны видеоға түсіргені айтылды. 

Сондай-ақ оның әріптестері берген сұхбатта күдіктінің жұмыста қандай адам болғанын, тіпті бала зорламақ та болғанын айтқан еді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты