Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

28.04.2023, 20:16
238
Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 62-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Биыл Майами мастерс жарысының екінші айналымында Е.Рыбакина А.Калинскаяны тартысты бәсекеде 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте ресейлік спортшы брейк жасап, өз геймін де алды – 7:5.

Екінші сетте есеп 2:2 болғанда, теннисшілер брейкпен алмасты. Бұл партияны Елена тағы бір брейкпен бітірді – 6:4.

Үшінші, шешуші партияны Е.Рыбакина сәтсіз бастады – 0:2. А.Калинская тағы бір брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.

Екі сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 10 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдалана алды. Ресейлік спортшы 9 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Калинская үшінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартич немесе рейтингте 128-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундтың біреуімен кездеседі.

Е.Рыбакина өткен жылы Мадрид мастерс жарысының үшінші айналымына дейін жеткен еді. Биыл сол жетістігін қайталай алмай, ұпайларын да жоғалтты.

 

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты