Көктемгі егіс науқанында 1,4 миллион гектардан астам жерге дән себілді

11.05.2023, 12:08
428
Көктемгі егіс науқанында 1,4 миллион гектардан астам жерге дән себілді smartnews.kz

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары аясында 1,4 млн гектардан астам жерге дән себілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оңтүстік өңірден басталған науқанға еліміздің батыс және шығыс аймақтары да қосылды.

Еске сала кетейік, биыл 23,4 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, жемшөп дақылдарының, сондай-ақ қант қызылшасының егіс алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр. Әлеуметтік маңызы бар күнбағыс, көкөніс-бақша, картоп және қарақұмық алқаптары да ұлғайтылады.

Айта кетейік, тұқым себу 100% жүзеге асырылды. Фермерлер 2,3 млн тонна көлемінде тұқым қорын қалыптастырды. Сондай-ақ, өңірлерде қоймаларда тұқым қоры қалыптасты. 2023 жылға жергілікті бюджеттерде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 млрд теңге қарастырылған.

Бүгінгі таңда өңірлерге бөлінген 419 мың тоннадан 284,4 мың тоннаға жуық жеңілдетілген дизель отыны жөнелтілді. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, фермерлер үшін республика бойынша орташа баға нарықтық бағадан үштен біріне арзан және литріне 204 теңгені құрайды.

Жалпы, «Кең-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға 140 млрд теңге қарастырылған, ол шамамен 2 млн га алқаптағы егінді жинауды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта фермерлерге 133,8 млрд теңге төленді.

Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасын жалғастырып, ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тауарлық кредиттер беруді бастады, оған кемінде 70 млрд теңге көзделіп отыр.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты