Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

31.05.2023, 10:58
299
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке енді metaratings.ru

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Рейтингтің live-нұсқасында Рыбакина төртінші орыннан үшінші сатыға көтерілді. Сондай-ақ, кестеде көшбасшы өзгерді – бірінші орынға Беларусь өкілі Арина Соболенко шығып, польшалық Ига Швентекті екінші сатыға ығыстырды.

Мұндай өзгерістер ойыншыларға былтырғы «Ролан Гаррос» жарысының рейтинг ұпайлары есептелгенімен байланысты болды. Дегенмен WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланады және теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде қалай өнер көрсететініне байланысты болады.

Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы матчында 16 жастағы Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 жеңгенін еске сала кетейік. Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда тағы бір чех спортшысы Линда Носковамен кездеседі.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты