Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеден тұңғыш президент алынып тасталуы мүмкін

01.06.2023, 14:42
196
Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеден тұңғыш президент алынып тасталуы мүмкін akorda.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" жарлығына өзгеріс әзірленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атап айтқанда,  Мемлекеттік күзет қызметі ережеcі жаңа редакцияда жазылған.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі – ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде ҚР Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.

Ал "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты ережеден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын қорғау алынып тасталды. 

Мемлекеттік күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.

Жарлық жобасы 14 маусымға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Ереженің қолданыстағы редакциясында былай жазылған: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдардың, объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган".

2023 жылғы 23 ақпанда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылды.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды