«Көк Жайлау» шатқалында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді

07.06.2023, 15:19
299
«Көк Жайлау» шатқалында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді ҚР ТЖМ

6 маусымда дала өрттерін жоюға қатысатын күштер мен құрылымдардың дайындығын тексеру мақсатында «Алау-2023» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Жаттығудың жоспарына сәйкес, өрт «Көк Жайлау» шатқалының оңтүстік-батыс беткейінде шықты. «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының» РМҚК бақылаушы ұшқышы өртті анықтағаннан кейін  дереу радиодиспетчерлік қызметке хабарлайды. Өрт туралы хабарламаны алғаннан кейін, Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметінің іс-қимыл алгоритміне сәйкес, орман шаруашылығы өкілдеріне көмек көрсету мақсатында, шақырту орнына барлық қажетті қалалық қызметтер мен авиация жіберілді.

Желдің екпіні салдарынан өрт аумағы ұлғайып, демалушы туристерге, сондай-ақ өрттің Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман алқабына таралуына және демалушы туристердің өміріне қауіп төнді.

Орман шаруашылығы өкілдеріне көмекке өрт-құтқару бөлімшелері, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ (МИ-8) су ағызатын құрылғылармен жабдықталған тікұшақтары келді. Шартты өрт ошағына тікелей бірнеше мақсатты су ағызу жүргізілді.

 «Өрт сөндіру кезінде авиацияны пайдалану қол жеткізу қиын таулы аймақтарда өртті сөндіруде жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Аталған оқу-жаттығулардың мақсаты қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарына жедел ден қоюды пысықтау, сондай-ақ таулы-орман алқаптарындағы өртті жою, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағынан зардап шеккендерді эвакуациялау болып табылады»,- деп атап өтті Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Самат Асайынов.

Оқу-жаттығуға барлығы 147 адам, 28 бірлік мамандандырылған техника, 2 квадрокоптер және 2 әуе кемесі, 6 жылқы, 2 іздестіру иттері жұмылдырылды.

Бірлескен оқу-жаттығулардың басталуына дейін қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Атап өту қажет, аудан әкімдіктерімен құрғақ өсімдіктердің жануының алдын алу шараларының арқасында бүгінгі таңда 100,4 шақырым минералданған алқаптар құрылды  және жалпы ауданы 250 Га құрғақ өсімдіктерді шабу жүргізілді.

2023 жылғы 1 мамырдан бастап ТЖД ЖПҚ, МҰТП - мен бірлесіп 39 рейд жүргізді, 3 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың жолын кесті, жалпы сомасы 103 мың 500 теңгені құрайтын айыппұл түріндегі ӘҚ туралы ҚР 367-бабы бойынша 3 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды және:

- тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдануды;

- темекі шекпеуді, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамауды;

- майланған, бензинге немесе басқа жанғыш заттарға малынған тазалағыш материалдарды орманда қалдырмауды;

- күн сәулесімен тез тұтанатын бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды және шөптің үстіне от жақпауды ұсынады.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты