Қазақстандық ғалымдар будандастырылған түйені зерттей бастады

30.06.2023, 18:25
284
Қазақстандық ғалымдар будандастырылған түйені зерттей бастады smartnews.kz

Генетика және физиология институтының ғалымдары «Genes» беделді ғылыми журналында алғаш рет Қазақстанның Алматы облысында алынған бес будан түйенің тұтас геномдық секвенциясы (WGS) бойынша зерттеуін жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстандық ғалымдардың зерттеуі бұл жануарлардың генетикалық құрылымын заманға сай түсіндірудегі елеулі үлесі болып отыр. Ғылыми әдебиеттерде бір өркешті және екі өркешті түйелерге генетикалық сипаттамалар жеткілікті түрде берілген. Дегенмен, көптеген ерекшеліктері жағынан енелерінен жоғары тұратын бұл жануарлардың будандастырылған түрлері әзірге ғылыми тұрғыда зерттелген емес. Дәл осы олқылықты қазақ зерттеушілерінің еңбегі толтырмақ.

Түйе – тек ауыл шаруашылығында ет, сүт, жүн өндіруде ғана емес, сонымен қатар туризмде, спорттық жарыстарда, логистикада пайдалануға ыңғайлы әрі төзімді жануар. Түйе шаруашылығы қатаң шөлді климатта халықты жүнге, сүтке және етке толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасының ең табысты салаларының бірі болып табылады.

Бір өркешті түйелер Арабия шөлдерінде, ал екі өркешті түйелер Азияны мекендейді. Бұл түрлердің хромосомаларының жиынтығы бірдей (2n = 74), сондықтан оларды өсіруге және будандастыруға болады. Бір өркешті және қос өркешті түйелерді шағылыстыру Таяу Шығыс пен Орталық Азияда ежелден бұлшық етті, сауда керуендерінде жүк тасымалдауға және әскери мақсатқа төзімді түйе алу үшін қолданылған.

Түйені будандастыру қазіргі уақытта екі елде: Түркия мен Қазақстанда кеңінен қолданылады.

Қазақстандық ғалымдар алғаш рет бір өркешті, екі өркешті және жабайы түйелердің WGS деректерімен салыстыра отырып, Қазақстанның Алматы облысында өсірілген бес будан түйенің тұтас геномдық секвенирлеу деректерін ұсынды. Зерттелетін топтарда барлығы 43 552 164 бір нуклеотидті полиморфизм табылды. Осы SNP-лерді одан әрі салыстыру популяциялар арасындағы жеке SNP-тердің мынандай сандарын көрсетті: гибридті түйелер (3 271 083), жабайы түйелер (2 515 591), бактриандар (1 244 694) және дромедарлар (531 224). Зерттелетін жануарлардың генетикалық құрылымы сипатталып, олардың генетикалық қашықтығын бағалау үшін филогенетикалық ағаш құрастырылады. Зерттелетін будандар филогенетикалық ағаштың жақын бұтағында болғандықтан, генетикалық жағынан бір өркешті түйелерге жақын екені анықталды.

Зерттеу нәтижелері осы сүтқоректінің генетикалық қорын одан әрі зерттеуге, сондай-ақ осы ресурстарды сақтауға ықпал етеді. Ғалымдар бұл нәтижелердің артындағы тұжырымдамаларды жақсырақ түсіну үшін зерттеулердің қосымша тексеруді қажет ететінін атап өтті. Ол үшін зерттелетін жануарлардың санын көбейтіп, осы бағытта көбірек зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді