Жас геологтар Олимпиадасы ашылды

10.07.2023, 09:52
202
Жас геологтар Олимпиадасы ашылды t.me/miirkz

Алматы облысы Қонаев қаласындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Іс-шараны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің геология комитеті, «Kazakhmys Barlau» ЖШС және «Жас геолог» корпоративтік қоры, сондай-ақ Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys корпорациясы, «ERG» ЖШС, Kazzinc» ЖШС ұйымдастырған.

Олимпиаданың мақсаты – жастардың геология ғылымына қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету. Сонымен қатар оқушыларды елдегі геоэкология және табиғи қазбаларды қорғау проблемасына назар аударту, Отансүйгіштікке баулу.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Олимпиадаға Қазақстанның барлық түкпірінен 16 команда мен 200-ден аса бала қатысып жатыр. Олар – 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы салалары бойынша білімдерін сынайды. Жеңімпаз командалар грамотама, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Геологияға деген қызығушылық тек ғылым ретінде емес, сондай-ақ экономиканың маңызды саласы ретінде қарастырылып, жас балалар үшін жетістіктерге жетіп, ғылыми жаңалықтар ашуға стимул болуы тиіс. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде өтіп, жылдан-жылға жас геологтар санын көбейтуге сеп болады», - деді «Жас геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов.

Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Утебаев атындағы мұнай және газ Атырау университетің геологиялық мамандықтарына грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты