Түркістан облысында бір күн ішінде 4 бала суға кетіп, қайтыс болды

11.07.2023, 14:55
344
Түркістан облысында бір күн ішінде 4 бала суға кетіп, қайтыс болды smartnews.kz

Түркістан облысында бір күн ішінде 4 бала суға кетіп, қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиғалар 9 шілде күні болған. Келес ауданы, Абай ауылының 6 жасар тұрғыны сағат 12:00 шамасында үйінен шығып кетіп қайта оралмаған. Қасындағы жолдасы туыстарына Келес өзенінің жанына бірге барғанын айтқан. Содан ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар ені 10, тереңдігі 2 метр болатын Келес өзенінде іздеу жұмыстарын жүргізді. Ал, сағат 16:30 шамасында ТЖД қызметкерлері жеткіншектің мәйітін судан шығарды.

Екінші оқиға Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында болды. Үлкендердің қарауынсыз қалыған 2 жастағы бүлдіршін үй ауласындағы ені 0,5 метр, ұзындығы 1,5 метр, тереңдігі 0,6 метр болатын ваннаға құлап, батып кеткен.

Үшінші жағдай Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы, «Алатау» демалыс аймағының ауласында болды. Ені 3 метр, ұзындығы 5 метр, тереңдігі 1,5 метр болатын бассейнге 2 жастағы бала құлап кеткен. Кейіннен бүлдіршіннің мәйітін туыстары судан шығарып алған.

Төртінші жағдай Жетісай ауданында тіркелді. Ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр болатын К-25-9 суармалы каналына 8 жастағы бала құлап, батып кеткен. Жергілікті тұрғындардың күшімен 10 шілде күні түнгі сағат 00:41 шамасында мәйіт судан шығарып алынған.

«Барша баланың қайтыс болу себебі анықталуда. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды, рұқсат етілмеген жерде суға түспеуді ескертеді» - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты