Алматы облысында темір дәуіріне жататын отбасылық қабір табылды

24.07.2023, 10:51
251
Алматы облысында темір дәуіріне жататын отбасылық қабір табылды baq.kz

Алматы облысының Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы қазба жұмыстары кезінде ерте темір ғасырына жататын отбасылық қабірі табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Аталған қабір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы тарих ғылымының докторы, қауымдастырылған профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен табылған.

Далалық жұмыстар барысында ауылдың оңтүстік шетіндегі Кіші Алматы өзені жағалауындағы қорған зерттелген. Қорғанның орталық бөлігінен 1,2 м тереңдіктен бір деңгейде жатқан, бірақ жерлеу рәсімінде айырмашылықтары бар екі қабір аршылған.

Бірінші жерлеу орны батыстан шығысқа қарай бағытталып, ұсақ тастардың үстінде жатыр. Жерленген адамның бас жағына жануарлардың сүйектері, сондай-ақ құмыралар, аласа шыныаяқтар мен тостағандар түріндегі қыш ыдыстар қойылған. Сонымен қатар жерлеу орнынан қола айна мен алтын фольгаға оралған моншақ табылған. 

Өкініштісі, жерлеу шұңқырының шығыс бөлігі тоналған. Себебі қаңқа сүйектерінің көпшілігі жоқ.  Әрі біртұтас әшекей бұйымды құраған алтын моншақтардың көп бөлігі қолды болған.

Екінші жерлеу орны біріншісінен оңтүстікке қарай 1,5 м жерде орналасқан. Ол жерде тас төсендісі жоқ, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бағытталып жатқызылған. Жерлеу орнынан алты керамикалық ыдыс пен үстіне пышақ қойылған малдың сүйектері анықталған. Сондай-ақ бас сүйегінің сол жағынан қола айна табылған. Бас сүйектің үстінен әшекей болуы мүмкін алтын фольга қалдықтары аршылды. Бағалы тастармен көмкерілген алтын сырға, алтын моншақ бөлігі табылған. Ал оң қол саусақтарының тұсынан сақтарға тән акинак (қанжар) табылып отыр.

Жерлеу рәсіміне қарағанда, бұл қабірлер әртүрлі уақыт аралығында салынған.

Экспедиция жетекшісінің пікірінше, қорған үйіндісінің астында тағы да жерлеу орындары болуы мүмкін. Келешекте қорған толығымен зерттелмек. Қазіргі уақытта табылған барлық олжа далалық зертхана жағдайында зерттеліп жатыр.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті