Атырау облысында шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға батып кетті

03.08.2023, 15:40
184
Атырау облысында шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға батып кетті baq.kz

Атырау облысында шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға батып кетті. Оның ішінде кәмелетке толмаған 2 бала бар, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, биыл шомылу кезеңі 2 аптаға кешігіп басталды.

«Су – адам үшін қауіпті апат. Әдетте, жүзе алмайтын ересектер мен балалар өкінішті оқиғаға ұрынып жатады. Тіпті жақсы жүзе алатындар суға батып кететін жайт кездеседі. Биылғы шомылу кезеңі басталған 15 маусымнан бері су айдындарында 8 адам батып кетті. Оның ішінде кәмелетке толмаған 2 бала бар. Мұндай оқиға әсіресе, суға шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркеледі», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Төтеншеліктер Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына суға айдындарында шомылуға байланысты бірнеше кеңесті ұсынып отыр.

«Біріншіден, су айдындарындағы рұқсат етілген учаскелерде ғана шомылу қажет. Екіншіден, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларды өз бетімен су айдындарына жібермегені, оларды қараусыз қалдырмағаны жөн. Үшіншіден, су температурасы +16°С төмен болса, шомылуды кейінге қалдырған дұрыс. Су температурасы +17 °С-ден +19 °С, ауаның температурасы +25°С болғанда, суда 10-15 минуттан артық шомылмау керек. Төртіншіден, тамақтанудан кейін 1,5 сағаттан соң ғана шомылуға болатынын ескертеміз», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты