Алматы облысында 514 мың гектар жер пайдаланылмай жатыр

16.08.2023, 17:58
313
Алматы облысында 514 мың гектар жер пайдаланылмай жатыр gov.kz

Облыстағы пайдаға аспай жатқан 514 мың га ауыл шаруашылық жерлері мемлекетке қайтуы мүмкін. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыдағы соттарға 109 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы 198 талап-арыз жолданған. Қазіргі уақытта соттардың шешімдерімен жалпы ауданы 30 мың га жер учаскелері бойынша 44 талап-арыз қанағаттандырылған.

Облыстың жер ресурстарын басқару департаменті 50 мың га аумақтық 248 субъектіге ұйғарым берді.

Ерікті негізде 38 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылған. Жалпы ауданы 83 мың га жер учаскелері бойынша 186 субъектіні пайдалануға кіріскен. Ал ауданы 3 мың га 5 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке қойылған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің берген дерегі бойынша, қалған жер учаскелері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты