"Облыс халқының 98,1 пайызы таза ауыз су тұтынады" - Қызылорда облысының әкімдігі

09.09.2023, 09:32
204
"Облыс халқының 98,1 пайызы таза ауыз су тұтынады" - Қызылорда облысының әкімдігі gov.kz

Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында Үкіметке алдағы бес жылда халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай жоғарыда аталған 32 елді мекенге қатысты кезеңдік жоспар жасалып, жұмыстар жүргізілуде.. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Облыстағы 230 ауылдың 198-і немесе тұрғындардың 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 32 ауылда 8 мыңнан астам адам, яғни ауыл халқының 2 пайызы қоныстанған.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы 3 елді мекенге (Арал ауданындағы Ақбасты, Абай, Тоқабай), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы 5 елді мекенге (Арал ауданындағы Көктем, Ерімбетжаға, Қазалы ауданындағы Шәкен, Шиелі ауданындағы Қызылқайың, Қосүйенкі) су желісі тартылады. Жергілікті бюджеттен 24 елді мекенге (Арал ауданындағы Жіңішкеқұм, Мойнақ, Құланды, Тастүбек, Күршек, Сазды, Қазалы ауданындағы Қожақазған, Мәдениет, Тапа, Ажар, Бірлік, 101 разъезд, 102 разъезд, Сарбұлақ, Жұбан, Шилі, Шөлқұм, Қармақшы ауданындағы Ордазы, Сарытоғай, Кекірелі, Шобанқазған, Шиелі ауданындағы Лесхоз, Жуантөбе, Ақтам) су тұщытқыш қондырғылар орнату жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл сумен қамту және суды бұру саласындағы 23 жобаға 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 83,7 шақырым ауыз су, 6,9 шақырым кәріз жүйесі мен 12 дана КНС жаңғырылып, 7 ұңғыма пайдалануға беріледі.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты