Елордалық теннисшілер Тәжікстанда өткен турнирде жеңіс тұғырынан көрінді

16.09.2023, 10:35
421
Елордалық теннисшілер Тәжікстанда өткен турнирде жеңіс тұғырынан көрінді gov.kz

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында теннистен «Президент кубогы» халықаралық турнирі өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Халықаралық аренада алғаш рет өнер көрсеткен Астана қалалық спорт басқармасына қарасты «Дәулет» теннис орталығының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл жарыс әлемнің түкпір-түкпірінен талантты теннисшілердің басын қосып, шабыт пен спорттық атақтар үшін бәсекенің орнына айналды.

Жас және өршіл спортшылар шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда, астаналық Аделина Маманфина өзінің төзімділігімен және дарындылығымен таң қалдырып, жекелей сында бірінші орын иегері атанды.
Сондай-ақ тағы бір жерлесіміз Айша Сайран жекелей сында өзінің қабілетін көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Осылайша, қос елордалық арулар жұптық сайыста да бірінші орынды иеленді.

Ал жұптық сайыста басқа елдің спортшысымен өнер көрсеткен елордалық Даниал Шалхымбаев үздіктер қатарынан көрінді.

«Жұптық сайыста да, жекелей сында да қыздарымыз керемет өнер көрсетті. Сонымен қатар, өзінің тамаша шеберлігін жұптық сайыста көрсеткен Даниал бірінші орынды иеленді. Бұл нәтижелер жас теннисшілердің таланты мен табандылығын, сондай-ақ қалалық «Дәулет» теннис орталығындағы спортшылардың дайындығы жоғары екенін көрсетеді.
Душанбедегі үлкен теннистен «Президент кубогы» халықаралық турнирі біз үшін алдымен тәжірибе алмасу, жаңа спорттық байланыстарды орнату орны болды. Біз спортшыларымыздың жетістігін мақтан тұтамыз және бұл теннис әлеміндегі жолының басы ғана екеніне сенімдіміз», - деді Астана қаласының жаттықтырушысы Галина Бородина.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты