Әскерге барып келген 600-ден астам сарбаз оқу грантына ие болды

16.09.2023, 17:58
397
Әскерге барып келген 600-ден астам сарбаз оқу грантына ие болды ашық дереккөзден

Елімізде Отан алдындағы борышын өтеген 600-ден астам сарбаз білім грантын алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

600 сарбаз сынақтан өтпей, жоғары оқу орнында тегін оқиды. Сонымен қатар бұл студенттерге түрлі жеңілдік пен көмек қарастырылған. Әскери борышын өтеп келген жастардың басым бөлігі Алматыдағы университеттерді таңдаған. Қорғаныс министрлігінен сертификат алған 15-ке жуық сарбаз Қаныш Сәтбаев атындағы оқу орнында білім алып жатыр.

- Ақтаудағы "Теңіз жаяу" әскери бригадасында борышымды өтеп келдім. Қазіргі таңда Сәтбаев атындағы техникалық университетке өзім қалаған мамандық бойынша оқуға түстім. Келешекте әскери мамандықты жалғастырсам деген ойым бар, – деді студент Ұлас Раушанбек. 

Әскерге барып келгендерді жатақхана, шәкіртақымен қамтамасыз ету де қарастырылуда. Жастар офицер атағын алу үшін әскери кафедраларда тегін білім ала алады.

- Университет ректоры қорғаныс министрлігімен 100 сарбазды оқуға қабылдау туралы келісімге келді. Биыл оқуға түскен студенттерге бірнеше мамандық ұсындық. Олардың басым бөлігі су шаруашылығы, машина жасау, тағы да басқа техникалық мамандықтарды таңдады. Университет тарапынан оларға барлық жағдайды жасауға тырысамыз, – деді Сәтбаев университетінің проректоры Бақыт Жәутіков.

Сарбаздар тегін білім алу үшін қорғаныс министрлігінің порталында орналасқан ақпараттық жүйе арқылы іріктеуден өтеді. Ол үшін қорғаныс министрлігінің комиссиясы сарбаздың мерзімді әскери қызметін өткеру кезінде жауынгерлік, әскери-кәсіби даярлықта, әскери тәртіпте көрсеткен нәтижесін ескереді. Қазір онда 38 мыңнан аса адам өтініш берген.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты