Үкіметте келер жылы шегірткенің таралуының алдын алу шаралары талқыланды

20.09.2023, 12:18
224
Үкіметте келер жылы шегірткенің таралуының алдын алу шаралары талқыланды primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында Үкіметтің ауыл шаруашылығы және қаржы блоктарының, әкімдіктердің өкілдері келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстарының жағдайын талқылады, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының деректері бойынша 2023-2024 жылдар шегірткелердің таралу циклінің 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. Соңғы рет кері динамиканың өсуі 2014 жылы байқалды. Одан кейін зиянкестердің таралу аумағы үздіксіз азайғанмен, 2021 жылдан бері қарай қайтадан ұлғая бастады. 2024 жылы 2,5 млн гектар алқапқа шегіртке шоғыры таралуы мүмкін деген болжам бар. Бұл – 2023 жылға қарағанда (1,6 млн га) 1,5 есе көп. Шегірткелер шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралады деп күтіледі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің мәліметінше, 2024 жылға бөлінген 4,2 млрд теңге қаржы жобаланған жер көлемінің жартысын ғана өңдеуге жетеді. Шегіртке зиянкестерінің таралу алаңының болжамды көлеміне өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бүріккіш техниканың санын арттыру қажет болады. Пестицидтердің қолда бар қорынан бөлек, қосымша қаржы бөлінуі керек.

«Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды атқаруға тыңғылықты дайындықты қамтамасыз етуі қажет. Ал Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану шараларын ұйымдастыру үшін қосымша қаржы бөлуі керек», – деп қорытындылады сөзін Серік Жұманғарин.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты