Қазақстандықтар құмар ойынына қанша ақша салады?

22.09.2023, 11:56
428
Қазақстандықтар құмар ойынына қанша ақша салады? ашық дереккөзден

Құмар ойынына тәуелділер саны азаяр емес. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Биыл Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, мұнда азаматтарымыздың құмар ойынға тәуелділігі жайлы мәселені көтерді. Президенттің сөзінше, соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады, кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді. Ол құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударды.

Әр түрлі деректерге сүйенсек, елімізде күніне 100 мыңнан аса адам құмар ойынға ақша салады екен. Ал жалпы, құмар ойынға жиі барып ақша салатындардың саны бір деректе 400 мыңға жуық десе, енді бір деректе миллион шамсында деп жатады. Букмекерлік кеңселер мен казинолардың, компьютерлік ойындардың  жарнамасы да қалаларда көбейіп кеткен. Құмар ойындардағы ақша айналымы жылына триллионнан асып кететін көрінеді.

Қазір «Ойын бизнесі туралы» заңға түзетулер енгізу жобасы талқыға түсіп жатыр. Қабылданатын жаңа заңға сәйкес, ойын бизнесінің жарнамасына толығымен тыйым салынуы мүмкін.

Құмар ойындардың ішінде карта, лохотрон, лотерея, тотализатор, букмекер, казино дегеннің бәрі кіреді. Оған қоса жеңіл ақша табудың жолы жарнамаға жол беру арқылы да кеңінен насихатталып келеді. Құмар ойынға ақша деген ағылып жатыр.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында қазақстандықтардың құмар ойынға салынған қаражат көлемі 456,2 миллиард теңгені құраған. Осы қаржының үштен бір бөлігі шетелдік бәс тігу компанияларына құйылған. 

Тіпті шенеуніктер де казиноға құмар. Былтыр күзде Алматы облысындағы ойынханаларды тексергенде 305 мемлекеттік қызметкердің құмар ойын залдарынан шықпайтыны белгілі болған. Олар ойынға 507 миллион теңге салып, орнына қайтара алмаған екен. Бір ғана Қорғаныс министрлігінің шенеуніктері 95 миллион теңге ұтқызғаны айтылған.

«Олимп» букмекерлік кеңсесі кеңінен тараған ойынхана. Оның жылдық ақша айналымы 250-300 миллиард теңгенің шамасы деп жатады. Ел ішінде осы сияқты казинолар мен букмекерлік кеңселерге ойын бизнесі ретінде жүзге тарта лицензия берілген көрінеді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты