Қостанай облысында әйел мен екі бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды

31.10.2023, 15:45
252
Қостанай облысында әйел мен екі бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды canva.com

Қостанай облысының Федоровский ауданында әйел мен екі бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға бір күн бұрын Лесное ауылында болған. Отбасы жеке тұрғын үйде тұрған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өлім мен жарақаттың алдын ала себебі: пештің сыланбаған жарықтары мен сыртындағы шойын тақтайшаның жарылуы салдарынан көмірқышқыл газы сыртқа тараған.

“Қатты отынмен жұмыс істейтін пешті жағу кезінде 1975 жылы туған үй иесі көмірқышқыл газына уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды. 1984 жылы туған үй иесі мен 2013 жылы және 2008 жылы туған балалары оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барды”, – делінген департамент ұсынған ақпаратта.

Басқарма өз кезегінде ылу беру маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады. Жалпы, Федоров ауданында тұрғын үй секторында профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында құтқарушылар үш заң бұзушылықты анықтаған.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты